Информационный, культурный, краеведческой, образовательной центр города Аркалыка
«Централизованная библиотечная система города Аркалыка»
Информационный, культурный, краеведческой, образовательной центр города Аркалыка
AA+
«Централизованная библиотечная система города Аркалыка»
Адрес:
Костанайская область, город Аркалык, улица Гагарина, 21
Время работы:
9.00 - 18.00. Выходной - суббота, воскресенье Последняя пятница каждого месяца – санитарный день
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Вход
Регистрация

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері болып өтті.

Өткен жылдың  соңында Президентіміз бүкіл халыққа  тағы бір ерекше сый – төл тарихымызға зор үлес болып қосылатын «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын тарту етті. Оның жарық көруі – Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына тамаша сыйлық қана емес, Отанымыз үшін айтулы оқиға болды.

Қай заманда да ел тарихындағы шешуші дәуірді кең қамтып, терең талдаған еңбек жоғары бағалаған. «Тәуелсіздік дәуірі» - осы деңгейдегі кітап.

«Нұр Отан» партиясының Арқалық филиалының басшысы Хамзин Нұрлан Сейтжанұлы Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімінің кермесін қиып  ашып берді.

Кітапхана директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы оқырмандарға кітаптың еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөліміне тоқталып өтті.

«Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» (1991-1995 жылдар)

«Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы» (1996-1999 жылдар)

«Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы» (2000-2010 жылдар)

«Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы» (2010 жылдар) деп аталады.

Кітапта әр бөлімнің өзі бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың да атауларына зор мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген. Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» және т.с.с. бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері бүге-шүгесіне дейін баяндалады.  Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.  Аталмыш энциклопедиялық еңбекте еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген заманауи қуатты мемлекет құру, халықаралық дәрежеде мойындалған нақты шекара, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі, Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы, нарықтық экономикаға өту, ұлттық валюта, Астананы салу сияқты 33 жетістіктері мен оған жету жолдары жан –жақты айтылған. Салтанатты тұсаукесерге Арқалық қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қосылбаева Жаннат Аскеровна, «Нұр Отан» партиясының Арқалық филиалының басшысы Хамзин Нұрлан Сейтжанұлы, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ахметжанов Аманкелді Серікұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбеков Азамат Маратұлыөлкетанушы Байдилдин Шөптібай, Мәдениет үйінің директоры Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы және БАҚ өкілдері мен Родина орта мектептің оқушылары, кітап сүйер оқырмандар қатысты. «Ел рухын көтерген Астанаға -20 жыл», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыптарында  кітап көрмелері құрылды.