Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы ереже Қазақстан республикасының 1993 жылдың 29 сәуірінде Мәдениет Министрлігі бекіткен «Қазақстан Республикасы мәдениет жүйесінің    Кітапханалар қызметін пайдалану жөніндегі Ережелер» негізінде жасалады.

1.2. «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ    тұрғындарына кітапхана қызметінің  мәселелері бойынша мамандырылған мәдени, білім беру, зерттеу, ақпараттық  және әдістемелік орталық болып табылады. Бұдан өзге кітапхана қорын құрайтын кинофото   құжаттары  және басқа да            материалдармен қоса мерзімдік басылымдарды мен кітаптарды  қоғамдық пайдалануды ұйымдастырады.

1.3.Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып  табылады және мемлекет қамқорлығында болады.

1.4.Кітапханашылар ОКЖ тұрғындарының рухани қажеттілігін өтеу мақсатында өз қорындағы дүниелердің тиімді пайдаланылуын  қамтамасыз етеді.

1.5.Кітапхана қызметі оқырмандар үшін ақысыз түрде атқарылады. Қызметтің     жекелеген түрлері және қосымша қызметтер ақылы болуы мүмкін. Ақы көлемі белгілі бір тәртіппен анықталады.

 

 ОҚЫРМАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ.

 2.1. Арқалық қаласының азаматтары үшін олардың мекен өтетін орнына, оқуына, демалысы

мен жұмысына, сондай – ақ өндіріс орны, ұйым, мекеме екендігіне қарамастан кітапхана қызметін пайдалану барлығына бірдей жүргізіледі.

2.2. Оқырмандар:

-баспа шығармаларын және басқа материалдарды уақытша пайдалану үйде немес оқу залында, сондай – ақ  

басқа  кітапханалардағы  кітапхана аралық абонементтер бойынша жүзеге асырылады;

  • кітапхана көрсететін анықтама – библиографиялық, ақпараттық қызметтерді және өзге де ақылы және

ақысыз  қызметтерді пайдалана алады;

-оқырманның кітапханалық қоғамдық Кеңесіне сайлану және сайлаушы болу мүмкіндігі бар;

-кітапхана ұйымдастырған іс – шараларға қатысып,  сондай – ақ клуб жұмыстарына және басқа да    

оқырман бірлестіктеріне ат салыса алады;

2.3.Ауылындағы уақытша болған (демалуға, оқу орнына түсуге, жұмысқа және өзге де түрлі себептермен  келген) азаматтар оқу залында кітапхана қорларын  пайдалану құқы бар.

2.4.15 – 21 жас аралығындағы оқырмандар кітапхананың барлық болімінің қызметін, ал мектепке дейінгі балалар мен 1 – 9 сынып аралығындағы оқушылар балалар бөлімінің қызметін пайдаланады.

2.5.Мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысқан оқырмандарға және еңбек мүгедектеріне кезексіз кітапханалық қызмет көрсетіледі. Қажеттілік туған жағдайда оқырмандардың осы категориясына төлем мен басылымды айырбастау тікелей олардың үйлерінеде жүргізілуі мүмкін.

2.6.Отбасының барлық мүшелері кітапхана қызметін пайдаланғанда, отбасылық формуляр ашылуы мүмкін.

2.7.Азаматтар кітапханаға жеке басының күәлігі, пәтер карточкасының көшірмесі арқылы тіркеледі, тұрғылықты орны, тегі (фамилиясы) өзгерген жағдайда міндетті түрде кітапханашыларға  хабарлау қажет. 16 жасқа дейінгі балалар, олардйң ата – аналары немесе  қамқорлыққа алған адамдардың табыс еткен кепілдік (кепілдік хат) арқылы ата - аналарының немесе қамқоршыларының жеке басының күәліктері мен пәтер карточкасының  көшірмесімен тіркеле алады. Оқу орындарының немесе емдеу мекемелерінің бақылауында тұрған балалар аталған мекемелердің өтініші арқылы тіркелу мүмкіндіктері бар.

2.8.Кітапханаға тіркелмес бұрын оқырман кітапхана қызметін пайдалану ережесімен танысып, міндеттелген талаптарды орындау үшін оқырман формулярына қол қояды.

2.9.Оқырмандардың баспасөз шығармалары мен өзге материалдары үйге 15 күндік мерзіммен алу мүмкіндігі бар. Жоғарғы сұранысқа  ие басқа шығармалары 5 күн мерзімнен артық берілмейді. Жалғыз дана аңықтама басылымдары, сирек және бағалы шығармалар, сондай – ақ кітапхана аралық абонементтен алынған басылымдар үйге берілмейді, оларды тек қана оқу залында пайдалану көзделеді.

2.10.Оқырман баспа шығармаларын және өзге де материалдарың пайдалану мерзімін ұзартып алу құқы бар. Егер оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, 2 рет қатарынан алуға болады. 2 реттен артық пайдалануға рұқсат етілмейді.

2.11.Баспасөз шығармалары мен өзге материалдың абонементтерде берілу саны – 5, оқу залы үшін берілу мүмкіндігі шектелмейді.

2.12.Оқырмандар міндеті:

-Оқырмандар жыл сайын қайта тіркелуден өтуге;

-Кітапхана қорынан және кітапхана аралық абонементтен пайдалануға алған баспасөз шығармалары  мен өзге материалдарға ұқыпты қарауға, жыртпауға, бүкпеуге, белгі салмауға міндетті;

-Баспа шығармаларын кітапханадан алуға болмайды. Егер басылым реті оқырман формулярына тіркелмеген жағдайда өз мерзімде  қайтарылуы крек;

-Көрмелер мен ашық сөрелердегі баспасөз шығармаларымен өзге материалдардың реттілігін бұзуға  болмайды;

-Каталогтардан карточка мен картотекаларды суырып алуға болмайды;

-Баспа шығармалары мен өзге материалдарды пайдаланбас бұрын мұқият тексеріп алып, пайдалану қажет; егер қандай да бір ақау табылса, осы баспасөз шығармалары мен өзге материалдарға қатысты белгі жасайтын кітапхана қызметкерлеріне дереу қөрсету керек;

-Мектепке дейінгі жастағы балалардан басқа кітапхана қызметін  пайдаланатын оқырман абонементтен және оқу залынан алған әр дана үшін қол қояды, кітапханашы оқырман пайдаланып болған соң, өз қолын қойып өшіреді.

2.13.Кітапхана қорына зиян келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасына сәйкес материалдық қылмыстық және өзге де жауаптылыққа тартылады.

2.14. Азаматтар кітапхана қорындағы баспасөз шығармалары мен өзге де материалдарды жоғалтқан, бүлдірген не болмаса зиян келтірген жағдайда  жоғалған материалдың дәл сол түріндей немесе кітапхана соған иең деп тапқан басылымдар және баспасөз шығармалары мен өзге де материалдармен алмастыруға болады. Жоғалған не бүлінген баспасөз шығармалары және өзге де материалдардың құны кітапхана есеп құжаттарының нұсқаған бағасы бойынша, кітапхана қорында жүргізілген қайта бағалау санағымен анықталады. Кітапхана қорынан жоғалған не  зиян келтірген баспасөз шығармалары және өзге де материалдар кәмелетке толғандардың қолымен жасалса, жоғарыда аталған мәселелер бойынша жауаптылықты олардың ата – аналары және бақылауға алған оқу , тәрбие, емдік мекемелер алады. Кәмелетке толмаған оқырмандар кітапхана қорына келтірілген зияны үшін жауаптылықты шәкіртақысы немесе шығынды өтей алатындай табысы бар жағдайда ғана міндетіне алады.

2.16.Оқырмандар, өндіріс орындары, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалану ережесін бұзғаны үшін кітапхана қызметін пайдалану мүмкіндігі 6 (алты) айдан 1 (бір) жыл мерзім уақыт аралығында дейін шектеледі.

 

 ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ

КІТАПХАНА  АТҚАРАТЫН МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ.

3.1.Кітапхана күшімен жасалатын іс – шараның барлық түрімен тұрғындарды  құлақтандырып отыру:

-Арқалықта мекен ететін және ауылдарда оқитын, жұмыс атқаратын қалада , ауыл жұртшылығын кітапханаға тарту үшін шаралар қолдану;

-Оқырмандардың қорды пайдалануына  мүмкіндік туғызу, сұраныстарын  толық қанағаттандыру;

-Оқырмандармен қатынас жасау түрлерін жан – жақты қарастырып, анықтама – ақпараттық библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсетуді және әдебиеттерді насихаттауды жүзеге асыру;

-Оқырмандардың қызығушылығы мен сұраныстарына сәйкестендіріп  кітапхана қорын сапалы толықтыру үшін оқуларына зерделеу жұмысын және талдау жүргізу.

-Оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениеттілігін қалыптастыру. Олардың қажет еткен басылымы мен басқа материалдары таңдауына кеңес беру, әңгімелесу арқылы көмек көрсету;

-Анықтама – библиографиялық ақпарат,  кітап көрмесін пайдалануы жөнінде түсінік беру, жаңадан түскен басылымдар  жайлы мағлұмат беріп, түрлі іс – шараға араластыру.

-Оқырманға қажет баспасөз шығармалары кітапханада болмаған  жағдайда басқа  кітапханалардағы  кітапхана аралық абонементтерден сұрастыру қажет;  -Оқырмандар пайдалануғы алған баспасөз шығармалары  мен өзге де материалдардың уақытында қайтарылуын жүйелі түрде қадағалау;

-Егер басылымдарды пайдалану 15 күн мерзімнен әрі бір айдан асып кетсе, оқырмандарға почта немесе телефон арқылы 5 күн мерзім уақытта қайтарылуын ескертіп хабарлайды;

-Егер баспа шығармалары мен өзге де материалдар белгіленген мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, оларды бір ай көлемінде мазмұны мен бағасын тең деп табылған басылыммен айырбас күйінде орнын толтыру талап етіледі;

-Ескертіліп, оқырман қайтармаған жағдайда баспасөз шығармаларын мен өзге материалдарды белгіленген тәртіппен 10 есе мөлшердегі нақты құны (қайта бағалау санағымен қоса) өндіріліп алынады.

-Берілген басылымдар уақытында қайтарылмаған жағдайда оқырманнан күн сайын 1 теңге мөлшердегі өсіммен қайтарылады.

3.2. Егер оқырман жоғалтқан баспасөз шығармалары мен өзге материалдың құнына сәйкестендіріп тағайындалған баға көлемі төленбесе, пайдалануға алынған басылымдар уақытында қайтарылмаса, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 12 мамырында қабылданған қаулысына сәйкес нарық құны негізінде кітапдардың құнын 10 есе мөлшерде өндіріп алу үшін заң актілерін куәландыратын органдарға жүгінеді.

3.3.Заң актілерін куаландыратын органдарының  куәландыру негізінде оқырмандардан өндірілген жинақтар белгілі бір жүйемен кітапхана қорына аударылады. Оқырман өз еркімен жоғалған материалдардың 10 есе мөлшердегі құнын өз еркімен төлеуіне болады. Белгіленген жинақ тікелей кітапхана есеп бөліміне енгізіледі. Әр қабылданған жинаққа кіріс ордерін құрады, ал оқырманға түбіртек беріледі.

3.4. Шығынды өтеуге келіп түскен қаржы  кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін, оны толықтыруға, басылымдарды жөндеуге, жаңарту және басқа да шараларды жүзеге асыруға жұмсалады