«Жолдауды қолдау – біздің басты міндетіміз»
Садуакасова С. Г.
Арқалық қаласының
ОКЖ библиографы.
Родина әкімшілік аппараты мен кітапхана ұжымының қызметкерлері Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын аса ыждаһаттылықпен танысқандарын айтты. Кітапхана директорының міндетін атқарушы Ажар Досова Елбасының үндеуін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу кітапханашылардың басты міндеті екенін алға тартты.
Сөз алған оқу залының кітапханашысы Жанагүл Мурзығалиева заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі – дәрмектің бағасын реттеуді еңзізгені жайында айтып өтті, сондай – ақ әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашылары Нұргүл Жанпейіс пен Марал Муханова және абонемент бөлімінің қызметкері Наталья Илензеер Президенттің әлеуметтік- экономикалық процестерін реттеуде Үкімет және басқа да атқарушы органдарга беруді және Үкіметті жасақтауда Парламенттің ролін күшейту қарастырылғандғын тілге тиек етті, Родина әкімшілік аппаратының мамандары жолдау жолдарын жиналғандарға жан жақты түсіндіріп берді, келесі сөз алған балалар бөлімінің кітапханашысы Қырмызы Дүйсенбаева Үндеудің негізгі бағыттарын атап өтті.
Елбасы Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды және ұлы халқының бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына толықтай сенді.
«Алғыс айту парызым»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
Орталық кітапхананың оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту парызым» атты дөңгелек үстел өтілді.
Родина ауылында тұратын оқырмандарымыз көп балалы аналар қатысып, дөнгелек үстел басында алғыс, рахымшылық жайында өз ойларын бөлісті. Родина ауылы әкімшілігінің бас маманы төрт баланың анасы Тасмағанбет Ұлболған Қалдыбекқызы сөз бастап, алты баланың анасы Сүлейменова Шолпан Жетпісбайқызы бала тәрбиесімен қатар ақ жаулықты ананы бағып, құрметтеп отырғаны жайлы өз өмірінен әңгімелеп берді. Дөңгелек үстелге бес баланың анасы Ибраева Жадыра Калелқызы, алты балалы аналар Кемелтаева Әсемгул Сәбитбекқызы мен Жүнісова Әсел Таңатқызы да өзгеге жасаған жақсылықтары үшін ризашылыққа бөленіп, алғыс алғандықтары туралы айтып берді. Назипа Құлжанова атындығы гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінің оқушысы Орманғазы Әли әнімен әрлеп, отырыстың сәнін келтірді. Дөнгелек үстелге қызықты да, мазмұнды өтті. Әңгімелесудің соңында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы сөз сөйлеп аналарға алғыс, ризашылығын білдіріп, қорытындылады. Бір – бірімізге жақсылық жасай білейік! Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жылы сөз, қайырымды іс жасай білу әр адамның парызы деп білеміз.
«Жаса, Наурыз, Дәстүрлері !»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жұртышылыққа зор қуаныш сыйлап, тойланып келеді. Ең алдымен, наурыз мерекесі – күн мен түннің жер бетінде теңелуін еске салады. Табиғатта тап осы күндері тепе-теңдік болады. Сонымен бірге, наурыз мерекесі тойланып жатқанда табиғатқа жан біте бастайды, тіршілік оянады, өсімдік бүр жарады, ағаш гүлдейді. Әсірісе, ерекше тоқталып айтарлығы - осы Наурыз тойы күндерінде әр ел өзінің ұлттық дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жалпақ әлемге паш етеді. Наурыз мейрамын Родина ауылы да жылда, ауқымды іс шарамен атап өтеді. Осы айтулы мерекеге Родина ауылында Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен әдеби сазды кеш өтті. Алғашқы болып сөз сөйлген, Родина ауылының әкімі Адильбекова Баян Төлегеновна ауыл тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік кеште орталық кітапхана аластау рәсімін, ауылыдық дәрігерлік амбулаториялық мекемесі ұжымы тусаукесер рәсімін, аппарат әкімшілігіне қарасты шаруашылық мекемесі ұжымы азан шақырып ат қою, бесік салар рәсімдерін жасады. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсеттетін көріністер сахналады. Наурыз мейрамын насихаттауда кітап көрмесі қойылды. Родина ауылдық аппаратының ұйымдастыруымен спорттық-ұлттық ойындардан жарыс болып, наурыз көже мен бауырсақ таратылды.
«Құстар – біздің досымыз»
Дүйсенбаева Қ..
Балалар бөлімінің
кітапханашысы
Құстар күніне орай балалар бөлімінде «Құстар – біздің досымыз» атты зияткерлік сайыс болып өтті. Бұл іс- шара барысында оқырмандарымызға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік берілді. Сайыс барысында құстарды аялауға, қамқорлық жасауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында жұмбақтар жасырып, құстар туралы мақал – мәтелдер, сұрақтар қойылып және ән мен биден жарыстар өтілді. 4 сынып оқушысы Әкпарбек Аяулым «испан» биімен бастап 7 сынып оқушысы Жақсылық Асылгул «Ақ көгершін» әнін құстар туралы әнін шырқады. «Құстар біздің досымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, қатысқан оқушыларға естелік ретінде сыйлықтар тапсырылды. Дайындаған балалар бөлімінің кітапханашысы Дүйсенбаева Қырмызы.
«Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан»
Арқалық қаласының ОКЖ
директоры Құсайын Д. Е.
«Арқалық қаласының әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен мәдениет сарайы ұйымдастыруымен өткен «Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан» атты көркемөнерпаздар байқауына ауылдық кітапханалары « Ұлы Дала Елінен – Мәңгілік елге», «ЭКСПО – 2017 ынтымақтастық көкжиегі», « Тәуелсіздік мәңгілік» , « Мәңгілік Қазақстан» , «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» тақырыпттарында кітап көрмелерін дайындап, шолулар жасады.
«Кітап арқылы даналыққа қадам»
Арқалық қаласының ОКЖ
Директоры Құсайын Д. Е.
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі оқырмандарына арналып 24 сәуір күні «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап арқылы даналыққа қадам» тақырыбында ашық есік күні өтілді.
Кітап мерекесі жылдын айтулы мерекесі Алаш партиясының 100 жылдығына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Мен, қазақ, Қазақпын» деп мақтанамын» кітап көрмесінің салтанаты тұсаукесерімен ашылды. Бұл мерекеге Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы, өнертанушы Байдилдин Шөптібай, АрМПИ филология факультетінің аға оқытушысы Ардақ Абдуллина, мәдениет жаңашыры Алма Жақсылыққызы, № 2 ОҒӘК директоры Қазына Байсабекқызы, Родина жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары және Арқалық қаласының орталықтанған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты.
Келген қонақтарымызды, оқырмандарымызды кітапханадағы «Ауылым алтын бесігім» жобасы бойынша дайындалған өлкетану мұражайына саяхатпен жалғасты. Кітапхана директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы оқырмандарды кітап күнімен құттықтап апта бойы өтілетін іс –шаралар жоспарымен таныстырды.
«Сан қырлы талант иесі»
Дүйсенбаева Қ..
Балалар бөлімінің
кітапханашысы
25 сәуір күні ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұнғыш педагог, әрі – журналист-публицист Нәзипа Құлжанованың 130 жыл толуына байланысты «Сан қырлы талант иесі» тақырыбында арнау кеші өтілді. Кеш қонағы өлкетанушы- этнограф, қолөнер шебері Шөптібай Байдилдин сөз сөйлеп, Назипа апамыздың өмір жолы мен еңбектері туралы біраз мағлұмат берді. Қазақтың классик ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровпен түрколог, әдебиет зерттеушісі, талантты ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың Нәзипаға арнаған өлеңдерін Родина орта мектебінің оқушылары: Әбутай Айшагул мен Қуандық Аружан мәнерлеп оқып,көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кешіміздің қызықты өтуіне Родина орта мектебінің музыка пәні оқытушысы Жүнісов Саят Сәруарұлы ат салысып, өнерлі оқушылары: Жасұланқызы Назерке әннен шашу шашса, Өмірзақ Ертай күй тартып сәнін келтірді.
«Туған жердің төл перзенті»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
26 сәуір күні Торғай топырағында дүниеге келген осынау асыл перзентті Сырбай Мәуленовтің 90 жасқа толуына арналған «Туған жердің төл перзенті» тақырыбында әдеби сағат өтілді. С. Мәуленов – қазақы болымысты ақын. Ол қандай тақырыпты жырласа да қазақы таныммен ашып, ұлттық түсінікпен әдіптеп, ұлттық сипат бере жырлады. Жастықта жазған отты жырлары, алпысыншы жылдары әдебиетке біріңғай саф таза асыл поэзия берген Сырбайды дайындаған баспалдақ қалпында қалды.Алпысыншы жылдардан өмірінің ақырғы сәтіне дейін Сырбай Мәуленов еліне рухани азық, халқына қазына боларлық асыл поэзиясын оқушылар Қажымұратова С, Қуандық А, Абутаева А жатқа айтты. «Туған жердің төл перзенті» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, кітаптарына шолу жасалынды. Күй тартылып, «Торғайым», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әндері шырқалды.
«Шерлі кезең шежіресі»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
ХХ ғасырдағы саяси қуғын – сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік – жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау."-деп, Қазақстан Републикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, елбасының жарлығымен 31 - мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарының құрбандарын еске алу күні болып жариялануы - ұрпақ мойына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрнісі болатын. Осыған орай
Арқалық қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ» Орталық кітапханасының оқу залында қуғын сүргін құрбандарын еске алу, қанқұйлы жылдардың оқиғасын, құрбан болған боздақтар мен аналардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі құрметтеп өту мақсатында " Шерлі кезең шежіресі" атты тақырыптық кеш болып өтті.
Бұл іс – шараға Родина орта мектебінің 10-шы, 11-ші сынып оқушылары мен мұғалімдері және оқырмандар қатысып, тарих шындығынан сабақ ала отырып, 1929-1931 жылдардағы аштықтан қырылғандарды,1936-1938 жылдары халық жаулары деп нақақ атылғандарға құрмет үшін бас иіп бір минут үнсіздікте еске алды.
30-шы жылдар зобалаңы жайлы мақалаларды, кітаптарды, газет-журналдарды жинақталып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Ақтандақтарды еске алу барысында қазақ халқының басынан өткен нәубеті «Ашаршылық» атты видио фильм көрсетіліп, «Карлаг, Алжир» лагерлеріндегі аналардың азапты күндерінен көрініс «Азапты жеңген аналар» атты слайд көрсетілді. «Ұлт рухының шырақшылары» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеге алаш ардақтыларының және алаш орда туралы жазылған
20 дана кітаппен, алаш қайраткерлері туралы мақалалар жарияланған газет журналдар қойылды. Оқушылар Балтабек Аружан, Әбутай Айшагул,
Қуандық Аружан: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұлдың "Жаралы жылдар", Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны», Серік Тұрғынбекұлының "Арыстар азасы" атты тарих шындығын жазған ақындардың жыр жолдарын мәнерлеп оқыды.
«Ұлт рухын көтеретін рәміздер»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.
1992 жылы 4 маусым күні Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлеккеттік Туы туралы", "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы туралы ", Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы" тарихи заңдарға қол қойды. Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Осыған орай оқырмандарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыра түсу, авторларымен таныстыра отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға тәрбиелеу мақсатында Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдығына байланысты Арқалық қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ» Орталық кітапханасының оқу залында «Ұлт рухын көтеретін рәміздер» атты элекрондық кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге Родина орта мектебінің бастауыш сыныбы оқушыларымен мұғалімдері және ауыл кітапханашылары қатысты.
Электрондық презентация 3 бөлімнен тұрады.
1.бөлім: «Еңселі Елтаңба»
2.бөлім: «Тұғырлы Туымыз»
3.бөлім: «Асқақтаған Әнұран»
Әр бөлімде рәміздер туралы толық мағлұмат беріліп, авторлары, дәйек сөздер, суреттер көрсетіліп, кітаптар туралы анықтамалар берілген. Әнұран шырқалып, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы тақпақтар оқылды.
«Еңбекпен өрілген өмір»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні мерекесі тойланады. Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтанда тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады. Еңбек адамына сый құрмет көрсету, оқырмандарға таныстыра отырып, еңбек жолын үлгі ретінде насихаттау кітапхана қызметкерлерінің басты борышы. Осы мерекеге орай Родина ауылында Орталық кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен, Торғай өңірінің құрметті азаматы, еңбек ардагері Орекен Алматұлының 80 жылдық мерейтойына арналған арнау кеші болып өтті. Кешке Родина ауылының әкімі Шалдыбаев Нақан Шалдыбайұлы бастаған Арқалық қаласының құрметті азаматтары, еңбек ардагері Хамит Досжанов, Родина ауылдық ардагерлер ұйымының басшысы Рақымжан Бектұрғанов, Торғай өңіріне белгілі ақын Мырзатай Жаппарұлы қатысты.
Орекен ағаның өмірі мен еңбек жолының әр кезеңдерінде түскен фотосуреттері, мақтау қағаздары мен жазған мақалаларын топтастырған суретті көрме қойылып, кеш қонақтары Орекен ағаның тұнып тұрған шежіре, сөзге шешендігі жөнінде, сан қырлы қасиеттері жайлы айтып әнгімелесе, ақын Мырзатай Жаппарұлы арнау өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Кітапхана оқырмандары Дүйсен Шахмұрат пен Ернұр Әуезхан кеш бойы әнмен әрлеп, терме айтып, күй тартып,
Орынбаева Нұрсұлу ақиық ақын Қонысбай Әбілдің «Орекен Алматұлына» атты өлеңін оқып кешіміздің сәнән келтірді.Кешіміздің соңында Орекен Алматұлы кітапхана қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жеке кітап қорынан кітапханаға 200 дана кітап сыйға тартатынын айтты.
«Дін - татулық діңгегі»
Қазақстан егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін дәстүрлі түрде атап өтіп келеді. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Осы мереке қарсаңында әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, халық арасында рухани келісімді насихаттау кең етек алды. Сондай іс-шараның бірі «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Орталық кітапханасыда аталып өтті. Оқырмандарға Тәуелсіз Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы түсіндіре отырып, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру мақсатында. Оқу залы бөлімі Арқалық қаласының «Мұхтасиф Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлы және Арқалық қаласының ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі инспекторы Нұғыманов Әсет Бауыржанұлымен кездесу кешін өткізді. Кешке Родина орта пәндерінің мұғалімдері қатысып, кеш қонақтарына Қазақстандағы дәстүрлі діңдердің қазіргі жай-күйі жайында, жастардың теріс діни ағымдарға кіріп кетуінің себептері туралы, діни экстремизім дегеніміз не? деген сұрақтар қойды. Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлы діни білімімен оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп,таным-түсініктерін кеңейтті. Нұғыманов Әсет Бауыржанұлы рухани келісім күнінің маңызы мен бүгінгі қоғамдағы ислам діні жайлы келелі ой қозғады. Көптеген күрделі діни мәселелер мен дінаралық татулық жайында ой-пікірлериталқыланды.
Кеш соңында оқу залы бөлімінің кітапханашысы Жанагул Сериковна Мурзыгалиева «Дін – татулық дінгегі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітапхана әдіскері Ажар Кенжегараевна Досова өз ризашылығын білдіріп, қонақтарға кітапханамыздың өлкетану бөліміне экскурсиямен аяқтады. Осы өткен іс-шарамызды Арқалық қалалық телевидениясы басынан аяғына дейін түсіріп, қала тұрғындарының назарына ұсынды.
«Теңге ұлттың асыл қазынасы»
Құлахметова Р.К.
Балалар бөлімінің
кітапханашысы
Төл теңгеміздің туған күніне орай балалар бөлімінде «Теңге ұлттың асыл қазынасы» атты сұрақ – жауап көрмесі өтті. Бұл іс – шара барысында оқырмандарымызды төл теңгеміздің дүниеге келуі, еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болғанын, теңгеміздің осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15-ші қарашасынан бастап айналымға шығуы біздің жас тәуелсіз Республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғаларымыздың бірі болып табылатындығы таныстырылды. Көрмеге теңгеміз туралы фото суреттер қойылды. Іс – шараға Родина орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысып, белсене ат салысқан оқушылар Жакупова Асем, Сансызбай Ноян және кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мамедова Гүлнар жақсы ат салысқаны үшін марапатқа ие болды. Кешіміздің соңын Ыбырай Алтынсарин атындағы педогогикалық институттың студенті Дүйсен Шахмұрат «Адай» күйімен аяқтады.
«Ел және Елбасы»
Мурзыгалиева Ж.
Оқу залы бөлімінің
кітапханашысы
1желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай Арқалық қаласы Орталық кітапханасының оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ елін әлемнің 50 елінің қатарына қосу және Рухани жаңғыру жолын айқындайтын, бәсекеге қабілетті болуға бастаған күні деп білуін, шыққан биіктерін оқырмандарға жеткізу көрсету, Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Ел және Елбасы» атты таққырыптық кеш болып өтті.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін – дей отырып кеш барысында, Елбасы туралы фильм, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты слайд көрсетілді. Кешке Родина әкімшілігі аппаратының қызметкерлері мен Родина орта мектебі мұғалімдері, 3-ші және 9б сыныбы оқушылары қатыстырылды. Кеш барысында 3а және 3б сынып оқушылары: Жасұланқызы Назерке, Сейтжан Аяулым, Төлеуова Венера сынғырлатып ән шырқаса, 9б сынып оқушысы Сапабеков Алмас ақиық ақын апамыз Марфуға Айтқожаның Елбасына арнаған «Елбасының елмен қауышуы» атты өлеңін мәнерлеп оқып жырдан шашу шашты. «Тәуелсіздік туы астында» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме 1)«Желтоқсан жаңғырығы», 2)«Тәуелсіздік шежіресі», 3)«Еліне елеулі Елбасы» атты 3 бөл»мнен тұратын әдебиеттер қойылып 62 оқырманға шолулар жасалумен насихатталды.