«Оқы және Жең» байқауының жеңімпазы
«Оқыжәне Жең» онлайн байқауының ІІ-тур жеңімпазы Арқалық қаласының Абай Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 10"Б" сынып оқушысы Алмат Лунара Қанатқызымен сұхбат.
Сұхбат барысында Лунара байқауға қатысуының мақсаты мен оған деген көзқарасы туралы айтып берді. Ол кітап оқудың адамзаттың рухани және интеллектуалдық дамуына үлкен әсер ететінін, оқудың өмірге деген көзқарасты кеңейтетінін атап өтті. Лунара байқауға қатысу арқылы өз білімін арттырып, басқа оқушылармен тәжірибе алмасуды және өз шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болғанын айтты.
Сондай-ақ, Лунара оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту үшін осы байқаудың маңыздылығын жеткізді. Ол кітаптың әр адамның ой-өрісін кеңейтетінін, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, жан-жақты дамуға септігін тигізетінін ерекше атап өтті. Алмат Лунара осы байқаудың жеңімпазы болғанына қуанышты екенін білдіріп, болашақта да осындай бастамаларға қатысып, кітап оқуға деген қызығушылықты жалғастыра беретінін айтты.
«Мамандығым мақтанышым»
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Родина ауылдық мәдениет клубы бірлесе отырып, «2025 Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Мамандығым мақтанышым» атты студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып, мамандық таңдау мәселесін талқылады.
Кездесуге қатысқан Жанбосынов Айболат, Тәңірберген Меруерт, Балташ Ақнұр, Мағауия Дариға есімді студенттер өз мамандықтары туралы кеңінен айтып, мамандық таңдау жолында қандай қиындықтар мен жетістіктерге жеткендері туралы тәжірибелерімен бөлісті. Олар мамандықты дұрыс таңдау үшін өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру, еңбек нарығындағы талаптарға сай білім алу және өзіне сенімді болу керектігі туралы ойларын жеткізді.
«Асыл сөздің алдаспаны»
Ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинятұлы Мырза Әліге биыл 90 жыл толып отыр. Осы орайда Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау мақсатында «Асыл сөздің алдаспаны» тақырыбында әдеби кешін өткізді.
Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Әдеби кеш барысында Қадыр Мырза Әлідің өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ поэзиясына қосқан зор үлесі туралы кеңінен баяндалды. Ақынның тұңғыш өлеңдерінен бастап, классикалық туындылары мен аудармаларына дейінгі мол шығармашылық жолы таныстырылды. Сонымен қатар, кеште ақынның терең ойлары мен сөз маржандары туралы көркем сөздер айтылып, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бейнероликтер көрсетілді.
Қадыр Мырза Әлідің поэзиясы мен философиясының қазақ әдебиетінде ерекше орын алатыны атап өтілді. Әдеби кеш барысында ақынның шығармаларын оқып, оның терең мәнді сөздерінен сабақ алу мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен қатар, кеште ақынның бірнеше шығармаларынан үзінділер оқылып, оның шығармашылық жолының жарық жұлдызы ретінде бағаланатыны айтылды.
«Алғашқы ардагер оқырман»
Жаңа жыл — жаңа мүмкіндіктер мен ашылымдардың уақыты. 2025 жылдың алғашқы жұмыс күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне бірнеше жылдан бері біздің кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Родина ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілов Байжан Әмірұлы кітапханамыздың қызметкерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп қана қоймай, алғашқы оқырманы болып тіркелді. Байжан Әмірұлының әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен талғамы жоғары ізденімпаздығы біз үшін қуаныш пен мақтаныш болып табылады. Оның кітапқа деген құштарлығы мен әдебиетке деген жанашырлығы – біздің жұмысымыздың ең маңызды құндылықтарының бірі.
«Сиқырлы қоржын»
Оқырмандардың ойлау қабілетін арттыру, зейінін ойлау дағдарысын дамыту, жылдамдығын, жігерін арттыру мақсатында балалар бөлімінде «Сиқырлы қоржын» атты танымдық ойын болып өтті. Аталмыш іс – шараға Ә.Бөкейхан орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысып өз білімдерін, жылдамдықтарын көрсете білді. Танымдық ойын 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең оқушыларға арналған «Логикалық сұрақтар», «Жұмбақтар топтамасы», 2 «Айырмашылықты тап» яғни екі бірдей суреттен айырмашылықтарды табу, 3 «Сыр сандықтың сұрағы» сұрақ – жауап. Іс – шара қызықты әрі көңілді өтіп оқушылар белсене ат салысты. Белсене ат салысқан оқушыларға сыйлықтар тапсырылды.
«Мейірімділік жүректе»
1 наурыз Алғыс айту мерекесіне орай Ә. Бөкейхан негізгі орта мектептің 4а сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Мейірімділік жүректе» атты тақырыпта челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жақсы көңіл – күй сыйлау, жақсы эмоция\мен бөлісу. Бір – бірімізге жылы лебіздер, жақсы сөздер айту арқылы жақсы эмоция сыйлау. Оқушыларды кішіпейілділік, бауырмалдыққа баулу, әр жасаған жақсылыққа алғыс айтуды түсіндіру. Алғыс, рахмет сөздерінің мағынасын түсіндіру.
«Қызықты кітаптар әлемі шақырады»
Құрметті кітапхана оқырмандары! Біздің кітапхана қоры үнемі жақсы әдеби жаңалықтармен толықтырылып отырылады. Кітап – қазына және оқырманның асып – тасымайтын асыл досы. Өйткені, онымен шын дос болған кісінің ой – өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөзсіз. Осы орайда балалар бөліміне жаңадан келіп түскен әдебиеттермен таныс болыңыздар. Ермек Сахариевтың «Балдәуренді бала шақ» атты жинағы туған жер, қоғам, ұлттық салт-дәстүр, ойлы да сырлы, назды да мұңды жырлары топтастырылған. Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Ғажайып шақ» атты кітабында мектеп оқушыларының тыныс тіршілігін арқау еткен шағын хикаяттар мен әңгімелері еніп отыр. Кітап мектеп оқушыларына, ата – аналарға, ұстаздар мен тәрбиешілерге, балалар мен жасөспірімдер әдебиетін сүйетін барша жұртшылыққа арналған. Белгілі ақын Рахат Қосбармақтың «Жалқаудың жазасы» атты кітабында әр жылдарда жазған ертегілері мен әңгімелері, өлеңдері топтастырылған. Шығармалары жас өркеннің ой – өрісін кеңейтіп, әдептілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Қоршаған ортаға көз – қарасын қалыптастыруға, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, еңбекқорлық пен адалдыққа баулиды. Кітаптың тілі жатық, ұғымға жеңіл.
«Қош келдің, алғашқы оқырман!»
Кітап әлемі шексіз. Кітаптың балаға берер азығы мол екені бәрімізге белгілі. Баланы білімді, рухани бай етіп тәрбиелеу үшін, кітап оқуға баулуымыз қажет. Бұл жолда кітаптың орны айрықша. Кітап оқуды әдетке айналдыру арқылы балаларға өмірдің мәнін, адамгершілік құндылықтарды, шындықты түсінуге көмектесе аламыз. Осы мақсатта «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ балалар бөлімі 2025 жылдың алғашқы жас оқырмандарын қарсы алып, есігін айқара ашты. Жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оларды кітапханамен таныстыру, кітап оқуға баулу мақсатында өткізілетін дәстүрлі мерекенің басты міндеті – осы.
Кітап оқуға деген құмарлығымен кітапханаға ең алғаш болып Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептің 4-б сынып оқушысы Серғали Асыл – Ұлан Еркебұланұлы келді. Қазіргі заман жастары көбінесе телефон мен компьютерге тәуелді болса да, кітап оқуға деген қызығушылық танытатын жастар аз емес. Солардың бірі – Асыл – Ұлан. Ол біздің кітапханамыздың тұрақты оқырманы, әрі жануарлар туралы ертегілер мен жануарларға арналған энциклопедияларды оқығанды жақсы көреді. Асыл – Ұлан кітаптың тек білім көзі ғана емес, рухани әлемнің есігін ашатын құндылық екендігін жақсы түсінеді.
Оқырманымыз қысқы демалыс кезінде бос жатпайын деп, өзіне қажетті әдебиеттерді іздестіріп, Өтепберген Ақыпбекұлының «Төрт түлік, үй құстары, ит, мысық та құт бәрі» атты жұмбақтар жинағы мен А. Манапованың «Дельфиннің басынан кешкендері» атты мектеп жасындағы балаларға арналған жинақты жаздырып алды. Бұл кітаптар оның білімін кеңейтіп, жан-жақты болуына ықпал етеді. Кітапханаға келгенде оны тек жаңа әдебиеттермен таныстырып қана қоймай, кітапхана қызметкерлері оған кітаптар әлемінің түрлі мүмкіндіктері туралы да айтып, кітапханаға экскурсия ұйымдастырды.
Болашағымыздың көзі – қарақты, көкірегі ояу, рухани байлығы мол ұрпақ тәрбиелеу жолындағы басты құралдардың бірі – кітапты оқу. Кітап оқыған бала қоғамның кез келген саласында жетістікке жетіп, өз орнын таба алады. Сондықтан, оқушылар, білімді және рухани сауатты боламыз десеңіздер, қызыққа толы кітап әлеміне асығыңыздар! Кітап – біздің ең жақын досымыз, ол бізге әлемді тануға, жан дүниемізді байытуға, шығармашылыққа ұмтылуға мүмкіндік береді.
Ендеше, әрбір оқырманды кітапхана есігі әрқашан ашық. Келіңіздер, оқыңыздар, өздеріңізді дамытыңыздар!
«Әлем әдебиетінің классигі»
Ұлы Ресей жазушысы, драмматург, прозашы Антон Павлович Чеховтың 165 жыл толуына орай «Әлем әдебиетінің классигі» тақырыбында арнау көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өмірбаяны, нақыл сөздері мен фотосуреттері және «Толстый и тонкий», «Учитель словесности», «Чайка, Вишневый сад», «Каштанка», «Тайный советник» атты жинақтары қойылды. Келген оқырмандарды жазушының өмірімен шығармашылығымен таныстырып, көрмедегі кітаптарына шолу жасалынып, оқырмандар назарына ұсынылды.
«Асыл сөздің алдаспаны»
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әліге биыл 90 жыл толып отыр. Ақынның өмірі мен шығармашылығының жарқын іздері бүгінде қазақ халқының мәдениеті мен өнерінде, әдебиетінде терең орын алады. Осы орайда Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Асыл сөздің алдаспаны» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Аталмыш іс-шараға Ә. Бөкейхан атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер алды. Бұл кеште ақынның есімі мен оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі жайында үлкен әңгіме қозғалды. Іс-шараның барысында оқушылар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерінен біршама үзінділер оқып, өлеңдердің мағынасын талқылады. Ақынның «Ана» өлеңін Саржан Медина мәнерлеп оқып, «Бақыт» өлеңін нақышына келтіріп Елубай Құралай орындап, өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, кеш барысында ақын туралы бейнеролик көрсетіліп, оның шығармашылығына арналған «Халқы қастерлеген Қадыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды. Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Оның өлеңдері терең мағынаға толы, адамгершілік, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті жырлайды. Жақсы жыр жазуды мақсат тұтқан ақын еліне бір емес мыңдаған, миллиондаған жол жақұт жыр сыйлады. Мысқыры бірдің оғындай, жазғаны жасын отындай, халқы құрметтеп қазақтың Қадыры атанған Қадыр Мырза Әлі – тек әдебиет әлемінің жұлдызы ғана емес, халқымыздың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтаушы ұлы тұлға. Оның шығармашылығы қазақ халқының жан дүниесінің айнасы, ұлттың мәңгілік мұрасы болып қала береді. Ақынның өлеңдері әрдайым оқырманды ойландыруға, ізденуге, өз тілін, мәдениетін қадірлеуге шақырады. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» - деп жырлаған Қадыр өз өлеңдерінде ұлттық рухты, адам бойындағы ізгі қасиеттерді, жақсылық пен шындықты насихаттайды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінің асыл қазынасына айналды. Қадыр Мырза Әлі – тек ақын ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен рухының мәңгілік сақтаушысы болып қала бермек.
Отбасы құндылықтары жөнінде сыр-сұхбат өтті
Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің бастауы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі - зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі “Отбасы - адамгершіліктің тәрбиесінің бастау” атты Родина ауылының тұрғыны оюшы,өлкетанушы Әлемдік Шыңғысхан академиясының “Құрметті академигі” “Мерейлі отбасы - 2023” жеңімпаздары Шөптібай Байдилдиндер отбасымен сыр - сұхбат өткізді.
АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 10 тамыз Абай күніне орай "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты кітап көрмесі жасақталып, қалың оқырманға таныстырылды. кітап көрмесіне 30 дан астам әдеби кітаптар, газет-журналдар және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен "Абай жолы" романының CD форматындағы аудио дискілері де қойылды. Кітап көрмесін тамашалаған қонақтар Абай өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Құрметті оқырман қауымы сіздерді Абай әлемін танып, білуге шақырамыз!
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ абонемент бөлімі ''ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ'' атты жылдық көрмені жас оқырмандар назарына ұсынылды. Айтулы көрме
қазақ әдебиетінің қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген қазақтың көрнекті жазушылары Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына ''Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді'' және қазақтың үш бәйтерегі ''Ұмытылмас ұлы тұлға''Бейімбет Майлиннің, ''Қазақ поэзиясының құлагері'' Ілияс Жансүгіровтің, ''Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы'' Сәкен Сейфулиннің 130 жылдық мерейтойларына арналып жасақталды. Көрмеге қойылған мерейтой иелерінің шығармалары, олар туралы жазылған әдебиеттер' баспасөз беттеріне жарияланған материалдарға шолу жасалып, жас оқырмандарға таныстырылды.
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ. 22 наурыз мейрамына қарсы «Менің қолтаңбам» жобасы аясында, кітапхана қызметкерлерімен оюшы қолөнер шебері Шөптібай Байділдинмен «Оюмен ой айтқан елміз» атты шебер қолдар күні өткізілді. Жылда Наурыз келген сайын қалада, далада өткізіліп жат¬¬қан шараларда айналаның барлы¬ғы ою-өрнекпен безендіріледі. Мақсаты:Тыңдаушыларды халықтың көркем өнеріне яғни, ою-өрнегіне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Заман ағымымен ұмыт қалып бара жатқан бабалар өнерін насихаттау. Шөптібай Байділдин шығармашылығымен таныстырып, сұхбаттасу, пікірлесу.
СҰЛТАН БЕЙБАРЫС-ЕРЛІГІ МЕН ӨНЕГЕ
Орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына арналған «Сұлтан Бейбарыс – ерлігі мен өнеге» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жұмыстары жүргізілді. Көрменің мақсаты : Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстырып, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығы насихаттау арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап көрмеде оқырмандарға Мысыр мемлекетінің негізін салушы Сұлтан Бейбарыс туралы мол мәліметтермен таныстырылды. Сұлтан Бейбарыстың ерлігі, батылдығы, табандылығы жайында баяндалды. Құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегі туралы мағлұматтар түсіндірілді. Бұл көрменің бір ерекшелігі QR-код арқылы Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен толық таныса алатыны жайында ақпарат айтылды. Кітап көрме жаңа маңызды мағлұматтармен, әдебиеттермен толықтырылып отырады. Құрметті кітап сүйер қауым сіздерді көрмемен танысып, көруге шақырамыз!
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕРТЕГІЛЕРІ
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беруді басты мақсат еткен. Осы мақсатты негіздей отырып,Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларымен "Әлем халықтарының ертегілері" атты квест ойыны өтті. Оқушылардың қызығушылықтары артып, білетін ертегілері туралы жауаптарын толық айтып, зеректіліктерін көрсете алды. Ертегі балаларды төзімділікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Балалар ізденіс сұрақтарын тез тауып және олардың қызығушылығы, қабылдауы жоғары болды.