Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ  қарасты  кітапханаларда    4 жоба, 17 қызығушылық клубы жұмыс жасайды. Кітапханалық қызметінің арасында қызығушылық клубы үлгісі оқырмандардың  қарым – қатынасы үшін өте керекті жұмыс. Әр жастағы оқырмандардың әдебиеттік, экологиялық, өлкетанушылық қауымдастық құндылығын жаңа әдебиеттермен, журналдармен танысып, керекті білім алып, өз тәжірибесімен бөлісіп, ниеттес достарымен танысады.

    Жобалар

Мақсаты

Жауаптылар

 «Ауылым – алтын бесігім»

Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу, ұлттық салт-дәстүрді,ана-тілін жаңғырту. Отанға, өз өлкесіне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру; патриоттық сезімді қалыптастыру; ауылдың біртуар перзенттері жайлы және олардың еңбектерін зерттеу;

 ОКЖ

 

 

 

 

« Денсаулық»

 

 

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында дәрігерлермен , спорт шеберлерімен бірлесе жұмыстар жасау.

ОКЖ

Балалар бөлімі

«Әдеби қонақжай»

 

 

 

 

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймандай ақындардың мерейтойларын атап өту, жергілікті қаламгерлердің жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер түрлі әдеби тақырыптарда іс – шаралар өткізу.

 ОКЖ Абонемент

« Әділет»

 

 

 Құқықтық тәрбие қалыптастыруда терроризмге,  жат діни  ағымдағы көзқарастарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында  түрлі іс –шаралар жүргізу.

 ОКЖ                 Оқу залы

 

 

    Клубтар

Мақсаты

Жауаптылар

«Тағылым»

Елдің алдында жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген, өнегелі тұлғалармен, жергілікті қаламгерлердің  жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер өткізу.

 Оқу залы ОК

« Парасат»

Ақын –жазушылардың шығармашылығымен танысу, оқырмандарды кітап оқуға баулу, « Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жұмыс жасау.

 Абонемент ОК

«Шебер қолдар»

Оқырмандардың бос уақытын өткізуге, қол өнер бұйымдарын жасауға,  қаламгерлік қызығушылық талаптарын кеңейтуге көмек көрсетеді.

Балалар бөлімі ОК

« Көмек»

 Мүмкіндігі шектеулі жандардың   кітап оқуына  қолдау көрсету. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалармен  тәрбиелік мазмұны бар іс –шаралар жүргізіу. Қайырымдылық   акциялар  өткізу.

Әдістеме бөлімі ОК

 

 

«Шаңырақ»

 

 Отбасылық оқу тәжірибені мәдениеттің рухани байлығы және жас өспірімнің даму негізі ретінде айқындап білу.

Аққошқар а/к

«Ертегілер әлемі»

Жас оқырмандарға түрлі ертегілерден қойылымдар қойып, кітап көрмелерін , іс –шаралар арқылы ертегілер  әлеміне саяхат  жасау.

Анғар а/к

«Айгөлек»

Мектеп оқушылары мен мектеп алды тобын әдеби мерекелерге және іс шараларға қатыстыру кітапқа қызығушылығын дамыту. 

Ашутасты а/к

«Сырласу»

 Қыз - келіншектермен  түрлі тақырыптарда басқосулар, кездесулер өткізіп отыру.

Восточный а/к

«Жас ізкесушілер»

Туған жердің табиғаттын зерттеу, қоршаған ортаны қорғауға оқырмандарды бейімдеу.

Екідің а/к

«Саяхат»

Өлке мәдениеті мен тарихына байланысты түрлі іс-шаралар өткізу. Туған өлкеге  саяхат жасау.

Жалғызтал а/к

«Қолөнер»

Салт –дәстүрлерді бейнелейтін  қолөнер бұйымдарын дайындау.

Жаңақала а/к

«Ерлік»

Отансүйгіштік, патриоттық, елжандылыққа  тәрбиелеу мақсатында  іс-шаралар өткізу.

Қайынды а/к

«Достық»

 Ұлттар достығы туралы мәліметтер жинап, әр ұлт өкілдерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп отыру.

Көктау а/к

«Атамекен»

Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу, ұлттық салт-дәстүрді, ана-тілін жаңғырту.

Молодежный а/к

« Лидер ХХІ века»

Интелектуалдық тренинг, аукцион, сайыс, викторина т.с.с. үлгі — әдістер  өз бетімен  ойлауға, ой өрісін  кеңейтуге, керекті ақпаратты  тауып   және оны талқылауға үйретеді.

Үштөбе а/к

«Умелые ручки»

Шығармашылық сабағы, түрлі-түсті  бояулар, шебер-кластар,шығармалар сайысы, әдеби ойындарт.б.үлгілерде өтетін оқулар шеберлікті  дамытады.

Фурманово а/к

« Зерде»

Танымдық интеллектуалды сайыстар, конкурстар т.б. оқырман қызығушылығын арттыру.

Целинный а/к