Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Жаздың шуақты шымылдығын түрген 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндер үшін шаттық пен қуанышқа толы мерекеге айналды.

Осы айтулы күнге орай Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Родина ауылдық клубы @culture\_rodina бірлесіп, ауыл балаларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шараға ауылдың қадірлі ақсақалы Қасқырбай ата мен жүрегінде жылуы мол Майра Серікқызы қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, балаларға ақ батасын берді.Шара барысында бүлдіршіндер орталық кітапхана қызметкерлері әзірлеген түрлі қызықты ойындарға белсене қатысып, өздерінің шымырлығы мен зеректігін танытты. Әр ойыннан соң олар марапат қағаздарына ие болып, жүздерінен қуаныш пен мақтаныштың лебі сезілді.

Балалар күлкісімен көмкерілген бұл күн – олардың бал дәуреніне жарқын естелік болып жазылары анық.