22 наурыз «Жыл басы» күніне арналып «Армысың әз Наурыз!» атты мерекелік думан кеші өткізілді. Осы кеште абонемент бөлімі «Наурыз - ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі жасақтап, оқырмандар назарына таныстыру жұмыстары жүргізілді. Көрмеде қазақ халқының әдет - ғұрыпынан мағұлматтар беріліп, наурыз нақыштарымен әшекейленген қолөнер бұйымдары және қазақы салт - дәстүр жайлы сыр шертетін әдебиеттер ұсынылды.Кітап көрмесіне 30 дан астам әдебиеттер қойылып, 60 қа тарта оқырманға насихат жұмыстары жүргізілді. Шара соңында ауыл мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген бір қатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге ауыл жұртына ұлттық тағамдар ұсынылып, ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік шара көпшіліктің көңілінен шығып, алғыстарын көмкерді.Ұлысты ұлы күнінне арналған бұл іс - шараға 60 тан астам оқырман қатысты.