1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Аңғар ауыл кітапханасы мен Аңғар негізгі орта мектебі бірлесіп «Шаттыққа толы балалар әлемі» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеде балалар түрлі ойындарға қатысып, қызықты тапсырмалар орындап, өз өнерлерін көрсетті. Балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, жарқын әсерлерге толы мереке өтті.







