Құрметті кітап сүйер қауым!
Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны – қырықтың ішінде.
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді.
#Саулық- Сақтықта
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109