Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Родина орталық кітапханасында Арқалық қаласының 63 - жылдық мерейтойына арналған «Арайлы Арқалығым!» атты  тақырыптық кеш өтті. 

Кештің мақсаты – оқырмандарымыздың бойына туған қаласына деген елжандылықты қалыптастырып, қаланың өркендеуіне өз үлестерін қосқан азаматтармен таныстыру. Тақырыптық кешке  Родина жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.       

Кешіміздің құрметті  қонағы Торғай өңірінің белгілі азаматы, ұлт мәдениетінің жанашыры, қазақ ою-өрнектерін зерттеумен айналысып жүрген өнертанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдаұлы және Родина әкімшілігінде бірнеше жыл қызмет атқарып, ауыл экономикасының өркендеуіне үлес қосқан көп балалы ана Қалима Қадырқызы да қатысып, қаламыздың тарихын қысқаша таңыстырып өтті.

Оқу залының кітапханашысы Мурзыгалиева Жанагүл Серікқызы  «Гүлдене бер Арқалық!» атты  кітап көрмесіне шолу жасады.

Родина орта мектебінің оқушылары қаламызға арналған жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, қаламыздың 63- жылдық  мерейтойына арнап ән шашуларымен қонақтарымызды тәнтті қылды. 

Абонемент кітапханашысы   А. Алимгазина