22 наурыз күні Арқалық қаласының Наурыз алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада «Арқа төсінде гүлденген Арқалық» атты киіз үйде Арқалық қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қаламыздың 70 жылдық мерейтойы аясында «Арқа төсінде гүлденген Арқалық» атты төрт бөлімнен тұратын мазмұнды көшпелі кітап көрмесі жасақталды. Арқаның кең төсінде бой көтеріп, уақытпен бірге қанат жайған Арқалықтың өткені мен бүгіні, өсіп-өркендеген жолы көрме арқылы көпшілікке кеңінен таныстырылды. Көрмеге 50-ге тарта әдебиет, мақалалар,ақын-жазушылардың әдебиеттері,туған өлкенің тарихы, оның гүлдену кезеңдері, астықты өлке ретіндегі берекелі болмысы және елге еңбегі сіңген ардақты тұлғалар туралы тағылымды деректер ұсынылды. Көрмені тамашалауға келген қаламыздың зиялы қауымы Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, Ардагерлер кеңесінің төрайымы Түбекбай Қапсалықұлы, Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы Гүлбану Төкенқызы және басқа да мекеме басшыларына шолу жасалып көрмені тамашалаған халықпен «Торғай қызы» әндерін бірге орындадық. Қонақтар көрмені тамашалап өз пікірлерін білдірді. Көрмеде 80-ге тарта кітап насихатталып, 680 қала халқына шолу жасалды. «Арқа дидары» телебағдарламасына сұхбат берілді.






