Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау - фестивалі аясында “Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ММ “Арқа төсінде гүлденген Арқалық” атты қаламыздың 70 жылдық мерейтойына орай көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілікке таныстырды.Көрмеде қала тарихы, оның қалыптасу кезеңдері, әлеуметтік - мәдени дамуы мен көрнекті тұлғалары туралы құнды әдебиеттер ұсынылды. Шараның басты мақсаты - туған өлкенің тарихын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру болды.Іс - шара барысында «Арқа Дидары» телеарнасына сұхбат беріліп, көрменің мазмұны мен маңызы кеңінен таныстырылды.






