Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Арқаның арқалы ақыны»

 Құрметті поэзия сүйер қауым!

Арқалық қаласындағы  орталықтандырылған  кітапханада   Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Торғай топырағынан түлеген қазақтың талантты ақындардың бірі Әбжан Әбілтайдың 70 жас мерейтойына арналған «Арқаның арқалы ақыны» атты поэзия  кеші өтілді. Ақын Әбжан Әбілтай 1951 жылы 1 сәуірде Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген.Еңбек жолын аудандық «Тың шұғыласы» газетінде бастап, ұзақ жылдар бойы облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады.   Ақын есімі оқырман қауымға бұрыннан таныс. Оның әр жылдары «Жалын» баспасынан «Қарлығаш», «Көктем бояулары», «Жазушы» баспасынан «Жүрекжарды» атты кітаптары шықты. Ақын өлеңдері бабалар дәстүріне, өмірде өзі араласқан замандастарына, ағайын-жекжат, дос-жарандарына , туған жеріне, достық пен махаббатқа арналған. Ақынның лирикалық өлеңдері оқырман сезімін бірден баурап алады. Ақын соңғы жылдары көркем аудармаға да атсалысып жүр. «Мәдени мұра» бағдарламасының «Әлем әдебиеті» сериясы бойынша оның аударуымен француздың атақты жазушысы Эмиль Золяның «Тереза Ракен» романы, сондай-ақ француз социалисі Пьер Жозеф Прудонның жекелеген ғылыми еңбектері, Н.В.Гогольдың «Тарас Бульба» «Күйме», «Шинель» повестері, Нобель сыйлығының лауреаты Иосиф Бродскийдің өлеңдері мен поэмалары республикалық баспалардан жарыққа шықты. Ақынның ұлттық мәдениет пен өнер, мемлекеттік тілді дамыту мәселесі жөніндегі еңбегі лайықты бағаланып келеді.  Поэзия кешіне өлкетанушы Шөптібай  Байдилдин,    «Қостанай таңы» газетінің  тілшісі Мұрат Жүнісұлы,   жас ақын Батырлан Сағынтайұлы қатысып  ақының шығармашылығы жайлы тоқталды.  Кітапхана оқырмандары Азамат Махаббат, Азамат Салтанат, Шөптібай Аружан,  Муқанова Марал, Мурзыгалиева Жанагүл ақының өлеңдерін  оқып. Естайлақова Алтынай, Каненов Азамат, Шыныбеков Ильяс  әнен шашу -шашты.   Сонымен  қатар «Әбжан Әбілтайдың ақындық әлемі» атты кітап көрмесі  құрылды. Кітап көрмемізде  ақының  Дүниежалған: өлеңдер, аудармалары,  Жер басып жүрген соң..: мақала, сұхбат, рецензия, репортаждары, Жүрекжарды: өлеңдер, Тіл мен жақ: жыр-шашу  кітаптары мен бірге баспа беттерінде жарық көрген ақын Әбжан Әбілтай туралы жазылған қаламдас достарының  лебіздері жинақталып қойылды.