Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2022 жылдың 4 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Родина ауылдық әкімшілігі, ауылдық емхана, ауылдық мәдениет үйі, Родина жалпы білім беретін мектебі және Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымдарының қатысумен мәжіліс залында «Арулар асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті.

Шара барысында ауыл әкімі Еркін Арыстанұлы құттықтау сөз сөйлеп, келе жатқан әйелдер мейрамымен құттықтады. Родина ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әмірұлы жүрек жарды ілтипатын білдірді. Мектеп, аурухана, кітапхана басшылары да өз кезегінде барша жиналғандарға ізгі-ниетті тілектерін арнады.

Қаламызға танымал өнерлі жастар әннен ән  арнап, поэзиядан сыр шертіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт жоғары деңгейде өткендігін, ауыл мәдениетін өркендетуге еңбектеніп, ат салысып жүрген жастарға оң баға берді – Байжан Әмірұлы.

Мерекелік концерттен кейін Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Қозыбаева Айгүл Алимгазина ауыл кітапханашыларына мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ атынан сыйлықтар таратты.

Құрметті ханымдар! Баршаларыңызды шуақты көктемнің төл мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!