Еліміздің әр өңірінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында Арыстық балаларды жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберу қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. 29 шілде күні Арқалық қаласына 70 бала (7-13 жас аралығы) келді.
Қонаққа келген бүлдіршіндер мен жетекшілік жасап келген тәрбиешілерді Арқалық қаласының әкімдігі жіне қаламыздағы білікті кәсіпкері «Алюминстрой» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры Мұқанов Абай Құспанұлы «Көктау құрылысшы» балаларға арналған демалыс және спортпен шұғылдану орталығына орналастырды.
15 күнге созылған 4 ауысымның барысында Арқалық қаласы әкімдігінің басшылығымен қонаққа келген бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлу мақсатында алдын-ала түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
7 тамыз күні Қаламыздың мәдени мекемелері «Тілегі бірдің, жүрегі бір» атты ойын сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Кел, балалар оқылық!» тақырыбында жылжымалы кітап көрмесін апарып, «Арыс Арқалықпен бірге» атты фото стенд дайындап, «Жүзден жүйрік, мыңан тұлпар» зияткерлік сайыстар өткізіп демалып жатқан оқушыларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер тараттық. Аталмыш шара барысында жас жеткіншектердің арман-тілегін орындау мақсатында «Алюминстрой» ЖШС директоры А.Мұқанов пен қаламыздағы кәсіпкерлердің атынан О.Сантемирова барлық Арыстық оқушыларға сыйлыққа киім - кешектер табыстады.
Шара барысында осындай игі істі қолға алып, қайырымдылық көрсетіп жатқан ел ағалары мен еліміздің болашақ жастарына қала әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров алғыс білдірді.