16 қазан – Халықаралық нан күніне орай Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Ас атасы нан» тақырыбында тағылымы мол тәрбие сағаты болып өтті. Шараның басты мақсаты: оқырмандарға нанның қадір – қасиетін ұғындыру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, дастарханға келетін әр үзім нанның артында маңдай тер мен адал еңбек жатқанын түсіндіру болды. Тәрбие сағаты барысында оқырмандар нанның тарихы, оның қазақ халқындағы орны, нанға қатысты әдет ғұрыптар мен тыйым сөздер туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар оқырмандар мақал мәтелдер жалғасын тауып, «Нанға құрмет – еңбектің жемісі» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар нанның өндірілу жолымен - дән себуден бастап, диірменнен тартылып, нан боп пісіп, дастарханға келуіне дейінгі ұзақ еңбекті көріп, үлкен әсер алды.







