Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Асқақ әнім –Астана !» атты ХХХІІ облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің қалалық байқауына орталықтандырылған кітапхана жүйесі  «Туған өлкенің тарихы», «Ел рухын көтерген Астанаға - 20 жыл» атты тақырыптық жылжымалы  көрмелер ұйымдастырылды. Рухани жаңғыру аясында құрылған  «Туған өлкенің тарихы» атты көрмеде өлкеміздегі қорғалатын киелі жерлер «Екідің» ескерткіштері, «Құтан әулие» бейіті, «Кейкі батыр» кесенесі, «Сатыбалды ишан» мазары, «Жәуке батыр кесенесі жайында деректер жинақталды.Сонымен қатар көрмеде өлке тарихы, елдің тарихи тұлғалары, еңбек ардагерлері,  ақын - жазушылары  туралыжазылған кітаптарда қойылды.

«Ел рухын  көтерген Астанаға -20» тақырыбында құрылған көрмеде  жер бетіндегі ең әсем қала, тәуелсіз, егемен, демократиялық Қазақстанның астанасы, болашағы жарқын, келешегі кемелді – Астана қаласының туу тарихының қалай басталғандығын баяндайтын кітаптар жинақталды. 

 

 Кітап көрмесіне қойылған әрбір кітапқа шолулар жасалды.