Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Орталықтандырылған  кітапхана жүйелерінде  жыл басынан Қазақстан Республикасының Елордасы  Астана қаласының 20 жылдығына орай ауылдық кітапханаларда «Астана – Евразия жүрегінде» тақырыптық көрме, «Ел рухын көтерген Астанаға – 20 жыл» жылжымалы  көрме, «Астана – город мечты и дружбы»  суреттер  көрмесі, «Жаңа Астана  – ежелгі қазақ жерінің төрі» тақырыптық сөре құрылып, «Астана Отанымыздың жүрегі»  тақырыбында көрме тұсаукесерлер жасалды. 

«Асқақ әнім, Астана!» атты  ХХХІІ  облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздарының фестиваліне «Ел рухын көтерген Астанаға – 20 жыл» жылжымалы тақырыптық көрмесі арқылы Астананың  қаласының кешегісі  мен бүгінгісі жайында  жазылған әдебиеттер жинақталып  қатысқан  245 қырманға  көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды. 

Сонымен қатар «Астана – Ұлы Дала Елордасы!» тақырыбымен өткен ауыл көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестиваліне  ауылдық кітапханашылар   «Жайна, ару қала –Астана!» тақырыбында Көктау ауыл кітапханасы  қол өнер көрмесін, «Астана – Еуразия жүрегінде» Мирный ауыл кітапханасы кітап көрмесін , «Астана – Отанымыздың жүрегі» Жалғызтал ауыл кітапханасы суреттер көрмесін, «Арайлы таңдай – сұлу Астана!» Восточный ауыл кітапханасытақырыптарында кітап көрмелері мен  «Шебер қолдар» үйірмесі  дайындаған қол –өнер көрмелері қойылды.