Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарасыңда қаламыздың 65 жылдығы маңызды оқиға. 23 қыркүйек күні Қазақ жасөспірімдер театрында Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына орай «Торғай әуендері» аймақтық өнер фестивалі аясында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қаламыздың 65 жылдығына арнап «Атамекен – алтын бесік» атты безендірілмелі кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде бірегей басылымдар ұсынған, өңіріміздің өткені мен бүгінінен сыр шертетін, қаламыздың құрылуына еңбек сіңірген қайраткерлер туралы әдебиеттер көрменің маңыздылығын аша түсті. Онымен қоса «Ауылым – алтын бесік» жоба аясында ауылдық кітапханашылардың өз өңірінің тарихынан сыр шертетін ақпараттық фотоальбом жинақтары көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көрмеге шолу жұмыстар жүргізіліп, қала күніне лайықты тарту бола білді.