Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл. Осыған орай Арқалық қаласының орталықтандырылған  кітапханада «Ауғанның отты жылдары» атты ауған соғыс ардагерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Іс – шара ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды және  жерлесіміз Марат Балдиковты 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Аталмыш шараға ауған соғысының ардагері Исмурзин Серікұлы мен кештің  құрметті қонағы ретінде, өлкетанушы Шөптібай Байдилдин және Родина ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілов Байжан Әмірұлы,  ауған соғысының ардагері марқұм Марат Балдиковтың аяулы жары - Күлімхан Балдикова мен  туған ағасы Балдиков Нұрлан  ел ағасы  қатысты. Ауған соғысының ардагері Исмурзин Серікұлы жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан туралы әңгімелеп берді. Тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғап, ағасы Балдиков Нұрлан інісі Балдиков Маратты   өмірінің өлшеулі бір бөлігін тебірене еске алды.   Родина ауылдық мәдениет үйінің  қызметкері Қайрат Шөптібайұлы «Әке туралы жыр» әнін арнады. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Кітапхананың әдіскері Исабекова Лаззат Баяхметқызы қонақтарға іс-шараға атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Кездесу соңында келген қонақтарға жалпы кітапханаға экскурссия жүргізіліп, кеш қонақтарымен естелік суретке түсті.

«Арқалық қаласының орталықтандырылған

 кітапхана жүйесі»ММ

Әдіскер  Лаззат Баяхметқызы