Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Родина ауылында Орталық кітапханасында Кеңес әскерінің Ауған шекарасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай  «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.  

Мақсаты – өскелең ұрпаққа уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің есімдерін қастерлеп, батырлардың рухына тағзым етуге шақыру. Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету.

Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама?

Өткенін ескермеген өшеді,

Өткенін қастерлеген өседі,- демекші  аталған іс шараға осындай ауыр аманатты арқалап, өмір мен өлім белесі қанды айқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері, қаһарман жерлестеріміз  Арқалық кеден бекетінің бас маманы Балдиков Марат Батырханұлы, Родина ауылының тұрғыны Исмурзин Серік Сейлханович және Қорқытбаев Серік  шақырылды.

Іс-шара Родина ауылының әкімі Шалдыбаев Нақан Шалдыбайұлының  кеш қонақтарын ардагер жерлестерімізді 30 жылдық мерейтойымен құттықтауымен басталды. Кездесуге кітапханамыздың тұрақты оқырмандары: Родина орта мектебінің ұстаздары мен 7 сынып оқушылары, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар: Төленді Нұрбол, Жүнісов Нағашыбай, Төлеген Таншолпан, Айтмағанбетов Жандос қатысты.

Кеш барысында Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгердің рухтарына бас иіп  бір минут үнсіздік жарияланды, қонақтар өз басынан өткерген оқиғалармен  қарулас достары туралы естен кетпес естеліктерімен бөлісті.  Қонақкәде ретінде Балдиков Марат Батырханұлы кездесуге қатысушыларға гитарамен ән салып берді.

Оқушылар ардагерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өлең-шумақтарынан әдеби монтаж ұсынды. Родина ауылының тұрғыны, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Шаяхмет Серікболсын кеш қонақтарына арнап  гитарамен ән салып кештің сәнін келтірді.

Оқырмандар мен  қонақтардың назарына «Ауғанның отты жылдары» атты суретті көрме ұсынылды. Кештің соңында оқырмандар өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалармен естелікке суретке  түсті.

 

Мурзыгалиева Жанагул Сериковна

Оқу залы бөлімінің кітапханашысы