Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Кітапхана мәдени ошақтың төресі, «білімдінің мыңды жықтыруы» үшін жаттықтыратын рухани майдан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл жұртшылығына баса назар аудару керегін айтқан болатын. Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», – деді. Қазақстанда "Ауыл кітапханаларына 100 кітап акциясы жалғасуда. Осы орайда Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Ашутасты ауыл кітапханасына 100 кітап келіп түсті. Осы кітаптарды салтанатты түрде кітапхана басшысы Құсайын Дәмет Есенжолқызы табыстады. Аталмыш акцияның басты мақсаты- шалғайдағы ауыл кітапханаларына жаңадан жарық көрген туындыларды табыстап, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап. Сондықтан жас ұрпақты кітап оқуға баулиық!