Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Авторлық құқық және әдеби шығармашылық»

зерделі кеңес

12.11.2026

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»ММ  «Авторлық құқық және әдеби шығармашылық» тақырыбында  зерделі кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-кітапхана қызметкерлерінің авторлық құқық жөніндегі білімін тереңдету, шығармашылық еңбекті құрметтеу және қорғау мәдениетін қалыптастыру болды. Кеңеске орталық кітапханаға қарасты 14 ауыл кітапханашысы қатысты.

Кеңесті ОКЖ директоры Дәмет Есенжолқызы ашып, авторлық құқық мәселесінің қазіргі ақпараттық қоғамдағы өзектілігіне тоқталды. Ол шығармашылық еңбектің әрқашан қорғауды қажет ететінін айтып, кітапханашылардың осы бағыттағы біліктілігін арттырудың маңызын атап өтті. Іс-шара барысында бірнеше мазмұнды баяндама тыңдалып, қатысушылар өзара пікір алмасты:

Илензеер Наталья Игоревна-«Электрондық ресурстар және авторлық белгі» Баяндамада электрондық ресурстармен жұмыс істеу кезінде авторлық құқықты сақтау, цифрлық ортадағы материалдарды пайдалану ережелері түсіндірілді. Авторлық белгі қоюдың маңыздылығы мен электрондық контентті құқықтық қорғау жолдары айтылды.

Көшкінбай Сымбат Мұратқызы-«Авторлық құқық-шығармашылық иесіне құрмет». Авторлық құқықтың қоғамдағы рөлі, шығармашылық иелерінің еңбегін бағалау және заң арқылы қорғалу тетіктеріне тоқталды. Авторлық құқықты бұзудың салдары мен оны алдын алу жолдары талқыланды.

Исабекова Ләззат Баяхметқызы-«Кітапхана-авторлық құқықты насихаттаушы орта». Ләззат Баяхметқызы кітапханалардың ақпарат таратушы және мәдени-ағартушылық мекеме ретінде авторлық құқықты насихаттаудағы рөлін атап өтті. Кітапханашылардың оқырманға заңды әрі сапалы ақпарат жеткізу міндеттеріне тоқталды.

Балалар және абонемент бөлімдерінің кітапханашылары Дүйсенбаева Қырмызы мен Тұрсынбек Сымбат қатысушыларға тәжірибелік тренинг өткізді.Зерделі кеңесті қорытындылаған ОКЖ басшысы Дәмет Құсайын  іс-шараның кітапхана жүйесіндегі маңызын ерекше атап өтіп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Ол авторлық құқық мәдениетін қалыптастыру-кітапханашылардың кәсіби міндеттерінің маңызды бөлігі екенін айтып, алдағы уақытта да білім жетілдіру шаралары жалғасатынын жеткізді. Кеңес нәтижесінде ауыл кітапханашылары авторлық құқықты сақтау, шығармашылық еңбекті қорғау және оны насихаттау бағытында өз білімдерін толықтырды. Іс-шара  мазмұнды, тәжірбиеге бағытталаған және кәсіби тұрғыдан  пайдалы болды.