Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Сомжүреков Жұмаштың 80 жылдығына орай Жалғызтал ауыл кітапханасында «Бәйтерек – өмір ағашы» атты  танымдық сағат 7- 8 сынып арасында өтті.

Іс- шараның мақсаты: Сомжүреков Жұмаштың өмірбаянымен және шығармашылығын келешек ұрпаққа таныстыру, елжандылық сезімін қалыптастыру.

Сомжүрек Жұмаш-1940 жылы 1 ақпанда Торғай облысы, Аманкелді ауданы, «Қайыңды» ұжымшарында дүниеге келген.

1957 жылы мектеп бітіріп, үш жыл шопан болған. 1964 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Әр жылдарда мұғалім, жастар жетекшісі, республикалық «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналында, облыстық «Торғай таңы»  газетінде тілші болып жұмыс істеген.
Өткір әдеби сындары, проблемалық, әлеуметтік тақырыптарды өзек еткен көптеген мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланған. «Көктем тынысы», «Нұрлы нысана»  атты өлең кітаптары, «Сарыарқа» таңдамалы жыр жинақтарына шолу жасалды.

Жалғызтал ауыл кітапханашысы Дюсенова Ш.Б.