Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Мақсаты:  Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, оқырмандардың, оқушылардың анаға, әжеге, қыздарға деген мейірімдерін  арттыру болды. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Мерекелік кешіміздің қонақтары Родина  әкімшілігінде  бірнеше жыл қызмет атқарып, ауыл экономикасының өркендеуіне үлес қосқан көп балалы ана Қалима Кадырқызы және Родина ауылының  көпбалалы жас ана Күзенбаева Асемгүл  Шакенқызымен жақсы сұхбат болып өтті.  Іс –шарамызға Родина негізгі орта мектебінен 5-6 сыныптар қатысып, өздерінің жыр шумақтарымен ән –шашуларымен бөлісті. Мерекелік кеште кітапханашылар: Мұхамедияр Азизагүл, Тауықбаева Ақмарал, Мурзугалиева Жанагул  «Ана туралы жыр», «Мама», «Анашым»  әндерін   шырқап кеш қонақтарының көңілдерін көтерді.

Дүйсенбаева Қ.Ш

Орталық кітапхана. Балалар бөлімі