Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Б.з.б IV-V ғасырларға жататын сақ обасы. Торғай және Саба өзендерінің қиылысар тұсында биіктеу жерде орналасқан Орталық Қазақстандағы мұртты обалар сияқты мұртты қорғанға жатады. Мұрт ұзындығы 100 – 115 метр. Оба маңында құрбандық шалу қазандықтары бар. Олардың саны72. Обадан 152 қала жебе ұштары, көне қанжар және қыш құмыраның сынықтары табылды. Оба 5 қабатты топырақ үйіндісінен тұрады. Үстіңгі беті таспен қапталған.
Ежелгі темір дәуіріне жататын бұл қорымөз заманында тоналған. Қазақстанның басқа аймақтарынан табылған обалардын ерекшелігі – қабірге кірер қақпа дромос таспен қаланған. Басқа аймақтардан аршылған обалар ағаштан болатын.
Обаның диаметрі – 32 метр, биіктігі – 3 метр. Бұл өлшемдер адамның әлеуметтік дәрежесінің жоғары болғандығын білдіреді. Бұнда сақ дәуіріне жататын дала билеушісі жерленген. Қазба жұмыстарының қарқынды жүруіне «Дешті – Қыпшақ» ғылыми зерттеу орталығы қаржы бөліп үлес қосты. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады. Толық аяқталған жоқ.
#bizbirgemiz
Installer-cbs.arkalyk,
Facebook-
https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109