Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн. Наурыз – халықтың жарқын көңіл – күйін, шаттығын аңғартатын, өзіндік орны бар үлкен дәстүр мерекесі. 

Халқымыз қандай жағдайда болса да жұмсағын Наурызға сақтаған. Мұның өзі «Көктемге жеттік, аузымыз аққа ілінді, күн көрісіміз түзелді» деген ниеттен туған. Сондай-ақ Наурыз күні ауыл тұрғындары ұлттық киімдер киіп, өнер және ойын-сауықтар көрсеткен. Осыған орай Родина ауылында 20 наурыз күні ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында «Бақыт - берекем, құт – мерекем әз-Наурыз» атты мерекелік думан болып өтті. Мерекелік кеште орталық кітапхана наурыз күнгі дастархан мәзірін жасап, ауыл тұрғындарына наурыз көже таратып, сүйінші сұрау, наурыз бата рәсімдерін көрсеттіп, наурыз көрінісін сахналады. Родина орта мектебі бастанғы рәсімін көрсетсе, ауылыдық дәрігерлік амбулаториялық мекемесі ұжымы бесік салар рәсімін жасап, бауырсақ таратты. Ал аппарат әкімшілігіне қарасты шаруашылық мекемесі ұжымы тусаукесер рәсімдерін жасады. Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын көрсеттетін көріністер сахналады. Родина ауылдық аппаратының ұйымдастыруымен спорттық-ұлттық ойындардан жарыс өтті. Наурыз мейрамын насихаттауда оқу зазы бөлімі «Жаса Наурыз Дәстүрлері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 

«Арқалық қаласының

орталықтандырылған

кітапхана жүйесі» ММ Мурзыгалиева Ж. С.