Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Кеш мақсаты: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру болды. Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Сейтжан Омаров, Сәкен Жүнісов, Қастек Баянбай, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Әдеби кешке Родина жалпы орта мектебінің 5 б – сынып оқушылары қатысып соның ішінде Мұқаш Ертуған «Бердібек ағаға арнау» атты өленін мәнерлеп оқып берді. «Ақбота» балабақшасы «Ақ тиын» тобынан келген кішкентай бүлдіршін Серғали Асыл - Ұлан «Жау, жау, жаңбыр» әнін орындап берсе, оқу залының кітапханашысы «Туған ел» әнімен кешіміздің сәнін келтірді. Балаларға   «Менің атым – Қожа» атты кітабы бойынша викториналық сұрақтар қойылып, іс – шара соңында «Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында  Б.Соқпақбаевтың кітаптарына шолу жасалынды.

Дүйсенбаева Қ.Ш

Балалар бөлімінің кітапханшысы