Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша 2019 жыл тандауы  Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы  мен ақын Әбділда Тәжібаевтың өлендері  тандап алынды.

Акциянын мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау мен дамыту, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Орталық  кітапханада «Бір ел – бір кітап - 2019»  республикалық акциясына арналған «Ұрпаққа мұра ұлы қаламгерлер» атты жаднама  құрастырылды.

Қазақ поэзиясының ақтаңгері - Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ә.Тәжібаевтың  лирикалық шығармаларына келсек, олар 1936, 1939 жылдарда басылған "Таңдамалы өлеңдер" жинақтарына және 1942 жылы шыққан "Перне" жинағына кіреді. Соңғы кезде, ең соңғы жылдарда жазылған лирикалық шығармаларынан  жаңа бір жинақ топтап, әзірледі. Лирикалық қысқа шығармаларының бұрын жазып жүрген өлеңдерден шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі "Сырдариядан" басталады деуге болады. Бұл - ақынның өзі туған өлке, өзеніне, Сыр бойына арналған өлең.    

Заманымыздың заңғар тұлғасы - Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Оңды ауылында туған. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы ы. Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ 2019 жылғы «Бір ел – бір кітап» акция аясында жалпы халықтық оқуға тандалған  Әбіш Кекілбаевтың шығармасы  «Аңыздың ақыры» және Әбділдә Тәжібаевтың  лирикалық өлеңдері  бойынша  атқарылған н іс – шаралар жоспары:  Ашутасты ауыл кітапханасында «Сыршыл ақын» атты арнау көрме, Восточный а/к «Қазақ поэзиясының ақтаңгері» атты поэзия сағаты, «Тәжібаев – поэзия тарланы» атты арнау кеші Жалғызтал а/к өткізілді, Аққошқар  а/к  «Жүректен шыққан роман» әдеби сағат және  «Аңыздың ақыры» кітап бенефисі  Ашутасты а/к өткізілді. Қайынды а/к  «Кекілбаев – шебер қаламгер» атты әдеби қонақжай өтті, кітапханаға қарасты ауыл кітапханашылары жыл бойы акция аясында жоспар бойынша мәдени  іс- шараларын өткізу жалғасын тауып кітапханаға келген оқырмандарға акцияны насихаттау үшін кітап көрмелеріне шолу жасалады.

 

 Орталық кітапхана библиографы  Садуақасова Сандуғаш