Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған «Өмір жолы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында кеш өтілді. Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя",  "Наша семья",  "Москва үшін шайқас",  "За нами Москва"  шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша екендігің  оқырман қауымға осы іс - шара барысында тоқталып өттік. Сонымен қатар Б. Момышұлы туралы бейне фильмдер көрсетіліп, отансүйгіштік, ерлік, батырлық тақырыптарында жазылған мақал – мәтелдеріне тоқталдық. Бұл іс - шараға Родина негізгі орта  мектебінің  оқушылары Сахаба Жандос, Дәулетбек Айым, Шалқар Ару, Балташ Ақнұр, Балтабек Арузан  белсене ат салысты. «Мәңгі тірі Момышұлы» атты фото көрме құрылды.