Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бейбітшілік  және келісім - Тәуелсіздіктің басты жетістіктері»  атты арнау көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту.   Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қала, ауыл тұрғындары мен қонақтары көрмеден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік белестері» және  «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл», «Қазақстандағы этносаралақ қатынастар мәселелері», «Казахстан и страны мира», «Сто народов, сто языков», «День мира», «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности» сынды кітапхана қорындағы көркем суретті альбомдармен, басылымдармен, ғаламтордан алынған ақпараттармен, мерзімді басылымдар беттерінен жарияланымдармен танысып, ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, салт-дәстүрлері мен мәдениеті жайлы ақпараттар алды. Көрмеге 56 кітап және мерзімді басылымдардан тың деректер ұсынылды.