Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2024 жылдың 28 мамыр күні "Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі " ММ ауыл кітапханашыларына арналған семинар өтті. Семинардың алғы сөз кезегін мекеме басшысы Дәмет Есенжолқызы бастады. Ол өз сөзінде алдағы жылға арналған негізгі бағыттарды атап өтті, сондай-ақ ауылдық кітапханалардың өзекті мәселелерін талқылады сондай-ақ, кітапханашыларға мәдениет мерекесіне арналған Қостанай облысының кәсіподақ орталығының бірнеше марапаттарын табыстады.
Екінші бөлімі: «Библиографиялық құралдар: түрлері мен қойылатын талаптары» тақырыбында семинарға Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана библиографы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы баяндама оқып, " Біліктілік шыңы-библиография" атты көрмеге шолу жасалды. Семинарға Арқалық қаласының облыстық 2 ғылыми әмбебап кітапханасының әдіскері Абжанова Жұлдыз Қасымбекқызы, библиографы -Нугманова Гүлнүр Абайқызы және оқу залының кітапханашысы Сейтмағанбетова Сымбат Азаматқызы қатысып, тәжірибе алмасу бағытында баяндамалар ұсынылды.Семинар тренинг барысында Ашутасты ауылының кітапханашысы Амангелдина Нүргүл Әмірғалиқызы және Көктау ауылының кітапханашысы Шигибаева Марзия Жылкелдиновна топтық , тренингтік жаттығулармен бөлісті.
Ауылдық кітапханашыларға презентация көрсетіліп, оқу-әдістемелік құрал таратылды.