Еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының «Кітапхана – заманауи білім орталығы» жобасы аясында кітапханаларды тек кітап оқитын қызмет көрсету мекемесі ғана емес, тұрғындар үшін зияткерлік демалыс орнына айналдыру мақсатында білім орталықтары ашылуда.
Осындай игі бастама Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде білім орталығынын ашылу салтанаты өтілді. Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тасмағанбетов Сабыржан Нұрсалиұлы, Родина ауылының әкімі Шалабаев Рүстем Асанханұлы, ауылының тұрғыны этнограф Шөптібай Бәйділдаұлы, Родина негізгі орта мектеп директоры Дүйсенов Жармұқан және қалалық мәдениет және тілдер бөлімінің басшыларымен №2 ОӘҒК мен 14 ауылдық кітапхана кітапханашылары, БАҚ өкілдері мен қала ауыл жастары қатысты.
Бұл орталық арқылы ауыл жастарына бос уақытын тиімді пайдалануға, жастар саясатын дамытуға қосқан өз үлесіміз деп санаймыз. Осы жоба аясында кітапхана пайдаланушылары үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орталық барлық санаттағы пайдаланушыларға бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік бермек
Салтанатты рәсіміміз «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат» Тарихи-шежіре кешке жалғасты. Сонымен қатар кітапхана қонақтары мен оқырмандарға «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.