Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Бір ел – бір кітап»  акциясы  бойынша  «Жыл  таңдауы» тақырыбында электрондық слайд презентация арқылы биылғы жылғы тандауға түскен Шәкәрім Құдайбердіұлының  шығармаларына, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарына тоқталып  өтті. «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша құрылған жарнама көрмесіне  шолу жасалды.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген  ұлтымыздың көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Жол табалық ақылмен» деген тақырыпта  поэзия кеші өтті.  Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмаларынан үзінді оқылып,    АРГПИ  студенттері Ажар Қасымхан, Бекзат Мейрамұлы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты әндері орындады. «Ұлт  рухының  шырақшысы»  арнау көрмесі құрылып ақынның шығармаларына шолулар жасалды.

Кеңес  Одағының  Батыры Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған  «Өмір жолы – ұрпаққа  үлгі»   тақырыбында кеш өтілді. Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнер де артына қайталанбас  ұлан ғайыр ұлттық  рухани  мұра қалдырған бірегей қаламгер.  Оның  қазақ  және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Бауыржан  Момышұлының  "Ұшқан ұя", "Наша семья", "Москва үшін шайқас", "За нами Москва" шығармалары жазушының ең танымал туындылары.  Бұл шығармалардың  бәрі де алғаш басылым көрген кезінде  Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша екендігің оқырман қауымға осы іс - шара барысында тоқталып өттік.  Сонымен  қатар Б. Момышұлы туралы  бейнефильмдер көрсетіліп, отан сүйгіштік, ерлік, батырлық тақырыптарында жазылған мақал – мәтелдеріне тоқталдық. Бұл іс – шараға  Родина негізгі орта  мектебінің оқушылары: Сахаба  Жандос, Дәулетбек Айым, Шалқар Ару, Балташ Ақнұр, Балтабек Аружан  белсене ат  салысты.    «Мәңгі тірі Момышұлы»  атты   фото көрме құрылды.

Орталық кітапханада  «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Бәріміз бірге оқиық!»  әдеби бульвар  арқылы биылғы жылғы тандауға түскен Шәкәрім  шығармаларына, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» кітаптарын ауыл, қала тұрғындарына оқыту мақсатында күн астында алаңда  кітаптарды оқып демалуына мүмкіндік жасадық. Барлық тілек білдірушілер шақырылды.

Орталық  кітапханасының библиографы «Бір ел – бір кітап - 2018» республикалық акциясына арналған «Кітап, Ел, Рух» атты жаднама  құрастырды.

Восточный а/к«Ұлт рухының шырақшысы»   Ш. Құдайбердиев шығармалары бойынша дөңгелек үстел, Екідін а/к«Үміт үзгім келмейді»   Н. Келімбетовтың кітабы бойынша оқырман конференциясы, Жанақала а/к«Аңызға айналған қаһарман» Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»  шығармасы бойынша ерлік сағаты өтті. Акция аясында 31 іс-шара өтіліп, оған 4419 оқырман қатысты.