1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігі жарасқан, берекелі ел» атты библио - глобус кеші өтті. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Кеш барысында қазақ, өзбек,орыс, түрік, қырғыз, азербайжан, неміс ұлттарының өкілдері өз кезектерімен өз тілдерінде сәлемдесуден бастап, ұлттық би билеп, ән айтып, өлең оқып, салт – дәстүрлерден көрністер көрсеттіп мәдениеттерін дәріптеді. Кешімізге Родина ауылының тұрғындары мен мектеп оқушылары: Әбутай Айшагүл, Орынбаева Нұрсұлу, Шөптібай Аружан, Қуандық Аружан, Қажымұратова Сағила белсене ат салысты. «Мой народ – моя гордость» тақырыбында әдебиеттер презентациясы өткізілді.