Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

1 маусым күні Родина ауылы акімшілік алаңында   Халықаралық балалар күніне орай «Біз  бақытты балдырған» атты мерекелік думан өттілді. Ауыл тұрғындарын мен балаларды ауыл әкімі Рүстем Шалабаевпен ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әмірұлы балаларды мерекелерімен құттықтады.

Әлмухташд мешітінің бас имамы Бертұрсын қажыға сөз беріліп балалардың мерекесіне арнап тегін балмұздақпен жеміс-жидектер таратты. Сонымен қатар «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерін  қойып, шолулар жасалды. Жас бүлдіршіндердің  көңілін көтеру үшінжолбарыс пен панда киімімен келген қонақтар мереке барысында балалармен бірге фотоға түсіп, билетіп көңілдерін көтерді.Ауыл мәдени қызметкері Қ,Байдилдиннің ұйымдастыруымен әншілері мен бишілері Нұргелді Әлібекұлы, Алпамыс Мирас, Жандос, Амантай Арыстан, Сардар Айару, Шыныбек Илияс, Қалдыбек Ырысты, Төлеген Дарина өнерлерін көрсетті. Ауыл әкімі мектеп түлегі, алтын белгі иегері  Қадырова Минараға  және  Бекболат Аманжолға алғыс хаттармен  сыйлықтар тапсырылды.Сонымен қатар көп жылдар бойы ауыл тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетіп келген кәсіпкерлер марапатталды. Спорт әдіскері Оразбаев Наурыз балаларға арналған  ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырды.Осындай керемет  мерекені  ұйымдастырған мекемелерге  ауыл тұрғыны көп балалы ана Зәуре Абдибекова алғысын білдірді.

Қ.Дүйсенбаева

Арқалық қаласының ОКЖ кітапханашысы