Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Дала дарыны, дәулескер күйші» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың күй өнерінде өшпес із қалдырған Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Күйші мұрасына тоқталып, Құрманғазы дәстүрін жалғастырудағы рөлі айтылды. Танымдық сағатта күйлер орындалып, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылды.







