Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Рухани жаңғыру» аясында Арқалық қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  Қазақ халқының батыр қызы, даңқты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның өткен өмірі мен еңбек жолын таныстыру мақсатында «Дала қызы» деген тақырыпта  мамандық тандау кеші өтілді. 
Кәмшат апамыз қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болған  жан.  Кеш барысында  Кәмшат Дөненбаеваның өмірі мен еңбек жолдарымен танысып, Ф. Оңғарсынованың «Біздің Кәмшат»  деген деректі поэмасынан, Ғ. Қайырбековтың «Жұлдызды тағдырлар» поэмасынан үзінділер оқылды. Сонымен қатар «Еңбекпен өрілген өмір» атты кітап сөресі қойылып, слайд көрсетілді, апамызды еске алу кешінде қызы Гүлшат Темірбекқызының сөйлеген сөздерінің видеосы көрсетілді. Іс-шараға Родина орта мектебінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатыстырылды. Арқалық қаласының гуманитарлық коледжінің 4 курс студенті Қапан Олжас «Ерке сылқым» атты күймен, өлеңі Мырзалы Оңалбаевтың, әні Бақытжан Сәуекеновтың Кәмшат апамызға арнаған  «Дала қызы» атты әнін орындап кешіміздің сәнін келтірді.

Мурзыгалиева Жанагул
Оқу залы бөлімінің кітапханашысы