Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Менің қолтаңбам» жобасы аясында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне арнайы жазушы, публицист Жұмабек Кенжалиннің ұлы Дастан Кенжалин кітапханамызда қонақта болып, әкесі Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің қаламынан шыққан «Ер Жәуке мінбеген алтын таққа...» атты 35 дана кітабын кітапхана қорына сыйға тарту етіп, өз қолтаңбасымен жылы лебізін білдірді.

Бұл кітапта әйгілі Кенесары – Наурызбай басқарған ұлт-азаттық қозғалысының қаһармандарының бірі, жаужүрек Төлек Жәуке батырдың өшпес ерлігі мен елжандылығы, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі баяндалады. Кенжалин, Ж. Ер Жәуке мінбеген алтын таққа... – Алматы: «Қазапарат», – 2011. – 200 б.

Құрметті оқырмандар! Осы кітапқа деген қызығушылықтарыңыз артса, біздің кітапханаға келіңіздер.