Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Қазақстан егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін дәстүрлі түрде атап өтіп келеді. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Қазір қазақстандағы діни ахуал дүние жүзінде тұрақты болып табылады. Ұлтаралық татулық пен рухани келісім - біздің басты темірқазығымыз. Осы мереке қарсаңында әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, халық арасында рухани келісімді насихаттау кең етек алды. Сондай іс-шараның бірі Арқалық қаласының  «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ» Орталық  кітапханасыда аталып өтті. Оқырмандарға Тәуелсіз Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы түсіндіре отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру. Дін және діни экстремизім туралы қысқаша мәлімет беру. Дінге деген жастардың көзқарасын білу. Діни экстемизм салдарынан әлемде болып  жатқан жағдайлар  туралы оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында  оқу залының кітапханашысы Мурзыгалиева Жанагул  Родина орта мектебінде тәлімдік сағат өткізіп, көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне  шолу жасалып,  интрактивті тақтадан діни экстремизімнің салдарының қоғамға, адамға тигізген зины, қайғысы туралы фильмдерден үзінді көрсетілді. Оқушыларға сұрақ қойылып, оқырман  пікірі тыңдалды. Іс-шараға жоғарғы сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты.

 

Қ.Дүйсенбаева

Арқалық қаласының ОКЖ кітапханашысы