Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

 Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Діни экстремизм — бейбітшілікке төнген қауіп» атты сұхбаттасу сағаты өтті. Іс – шараға Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы Бахтыбай Нұрхан Асанұлы, Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтанбек Азамат Маратұлы, ардагерлеріміз Байдилдин Шөптібай, Сұлтанбек Марат, Хамзин Нұрлан ағайларымыз қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға келтіретін қауіптілігін, оның алдын алу жолдарын талқылады.
Қатысушылар діни экстремизмнің адамдардың қауіпсіздігіне, бейбітшілігіне және тұрақтылығына қалай зиян тигізетінін және Қазақстандағы мемлекет тарапынан қабылданған шараларды атап өтті. Сондай - ақ, терроризмнің түрлі түрлері, олардың адамзатқа, экономикаға және халықаралық қатынастарға тигізетін теріс әсері жайында маңызды пікірлер айтылды.
Іс - шара барысында «Діни экстремизммен күресу үшін қандай ақпараттық - насихаттық жұмыстар жүргізілуі қажет?» деген сұраққа жауап ретінде саясат бөлімінің басшысы Азамат Маратұлы жастардың діни экстремизмге тартылуына жол бермей, олардың санасын қалыптастыруда білім мен тәрбие жұмыстарының маңызы зор екенін атап өтті.
Қатысушылар өздерінің пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сонымен қатар, әр азаматтың діни экстремизмге қарсы күресте өз рөлін дұрыс түсініп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуы қажеттігі жөнінде қорытынды жасалды.
Іс - шараның соңында қатысушылар естелікке бірге фото суретке түсіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында бірлесіп әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.
Біз барлық қатысушыларға іс - шараға белсене қатысқандары үшін алғыс айтамыз.