30 қыркүйек күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Родина жалпы білім беретін мектебі дәстүрлі «Ұстаздар күні» және «Қарттар күніне» арланған «Еңбекпен жеткен мұратқа» атты қонақжайлық құрмет кешін ұйымдастырды.
Шараға Родина жалпы білім беретін мектепте ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер-ұстазар шақырылып, арнайы құрмет көрсетілді. Шара барысында алғашқы құттықтау сөз кітапхана басшысы Дәмет Есенжолқызына беріліп, ұстаздар қауымын келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбек жолдарына шығармашылық ізденіс, толағай табыс тіледі.
Мектептің кәсіподақ төрағасы Жансерік Камалиев қарт ұстаздарға арнайы гүл шоқтарын табыс етті. Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар кітапхана мен мектептің бірлескен жұмысын жоғары бағалады.
Шара барысын ұстаздардың арнайы дайындаған мерекелік ән шашуы мен балалардың құттықтау тақпақтары, шараның көркін аша түсті. Кеш соңында қарт ұстаздар өздерінің жолын қуған ұстаздар қауымына, мектепте жұмыс істеген уақыттарындағы қызықты кезеңдерін айтып, сағынышпен еске алатындарын жеткізді. Мектеп ұжымына ағымдағы оқу жылына сәттілік тілеп, ұздақ жолға, бала тәрбиесіне адал болуға шақырды.