Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Тұнғыш Президент күніне орай Арқалық қаласының  Орталық кітапханасында  «Егемен елдің кеменгер басшысы» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған бұл  іс –шарамызда, соңғы жылдардағы Елбасының саяси кездесулері, келісімдері, маңызды тарихи оқиғаларынан ақпараттар берілді.  Елбасының жасаған маңызды қадамдарын түсіндіру, салихалы саясатын дәріптеу, өмірбаянын, өмір жолдарын насихаттау болды.

Кеш барысында  оқырмандар Елбасы туралы өлеңдер оқылып,.  Елбасының өмір жолдары  туралы оқырмандарға сұрақтар қойылды. Сонымен қатар  бейне фильмдер көрсетіліп, еліміздің әнұраны шырқалды.  «Ел мен Елбасы» атты тақырыптық кітап көрмесі қойылып,  патриоттық әндер шырқалды Іс-шараға Родина орта мектебінің оқушылары мен Родина әкімшілігі аппаратының мамандары ауыл тұрғындары  қатысты.

2019 жылы  22 қарашада  Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Родина ауылында  «Арқалық қаласы әкімдігінің жаңындағы жастар ісі – жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы»  өтті. Қала әкімі Әбішов Қайрат және қаламыздың мекеме мен оқу орындарының   басшылары мен БАҚ өкілдеріне «Ел және Елбасы» атты тақырыптық кітап көрмесіндегі Елбасының Тәуелсіздік  алғанан  бергі  халық үшін атқарған қызметі  мен ерен еңбегін айқындайтын кітаптар мен альбомдар, фото суреттер, документтік құжаттарды кітапхана директоры     Д. Құсайын  шолу жасап, кітапханаға экскурсия жасады.  Облыстық жасөспірімдер театырында өткен қалалық салтанаты  жиынға  «Ел мен Елбасы» тақырыбында  кітап көрмесін  апарып  қала халқына шолу жасадық.  Көрмедегі әдебиеттер туралы «Арқа дидары» телеарнасы арқылы хабарлама жасалды.