"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ ұйымдастыруымен еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Елімнің еркіндігі - ата заңым» атты көрмені "Арқалық қаласының Жасөспірімдер театр" файесінде ұсынып, мерекелік кеште қала халқы тамашалады. Көрмеде қазақ заңнамасының экспозицияны ашатын ежелгі және қызықты тарихы бар кітаптар көрініс тапқан. Көрмеге Еліміздің Негізгі Заңын әзірлеуге үлес қосқан атақты ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлердің еңбектері, заңдардың алғашқы жинақтары, қазақ билер сотының, сондай - ақ Қазақстан тарихы ұсынылды. Конституция - мызғымас мемлекеттің алтын тұғыры, жарқын болашақтың кепілі, біртұтас және тату халықтың негізі. Құрметті оқырмандар! Мерекелеріңізбен, сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен бейбіт аспан тілейміз!