Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Біздің елімізде жыл сайын 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Кез келген мемлекеттің көркейіп гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне құрмет сезімінен өрбитіні белгілі Әлемдік қоғамдастықта өзінің жаңа бет-бейнесімен көрініп, жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде танылған Қазақстан өзінің ең алғашқы қадамын көк Туын, алтын пырақты Елтаңбасын және елдікке үндеген Әнұранын қабылдап  алудан бастауы біздің еліміздің болашаққа шынайы қадам жасауы арқылы көрінуімен ерекшеленеді.

Олай болса, мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды. Осы маңызды мерекеге байланысты Орталық кітапханада оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің авторларын таныстыру мен азаматтық, елжандылық, отаншылдық, ұлтжандылыққа, сүйіспеншілікке, өз елін, тегін, тарихын, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу мақсатында  «Елтаңбамен еңселі, әнұранмен айбатты қазақ елі» атты ұлтжандылық сағаты мен «Елдігіміздің егемендігі – Рәміздер» атты зияткерлік сайыс өткізді. «Мемлекет тірегі рәміздер» атты кітап көрмесін қойып,шолу жасалды. Родина орта мектебіндегі жазғы демалыс лагерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оқырмандар гимнді бірігіп орындап, қойылған сұрақтарға таласа жауап беріп, көтерінкі көңіл күйде іс шарамызға атсалысты.

04.06.19 ж.

 

Мурзыгалиева Жанагүл Серікқызы

Арқалық қаласының ОКЖ  кітапханашысы