Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Еңбек күніне орай «Еңбек - табыспен бақыттың бастауы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кеш барысында Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы - қаламыздың Аналар кеңесінің төрайымы және Байзақова Ғалия Бекетқызы өздерінің еңбек жолы, мамандыққа деген сүйіспеншілігі, жинақтаған тәжірибелері мен өмірлік ұстанымдары жайында әңгімеледі.
Қонақтар адал еңбек, табандылық пен ізденістің жетістікке жетелейтінін айтып, жастарға мамандықты жүрек қалауымен таңдау, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және үнемі білімін жетілдіру жөнінде тағылымды кеңестер берді.
Кездесу барысында түрлі тренингтер, ойындар мен ән-шашулар ұйымдастырылып, кеш көңілді әрі әсерлі өтті. «Еңбек - адамның өмірін мәнді ететін, абыройын асқақтататын құндылық» деген ойды арқау еткен кездесу қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.
Кеш соңында қонақтарға алғыс білдіріліп, сый-сияпаттар табысталды. Кездесу еңбекке деген құрметті арттырып, оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер сыйлады.