Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Родина ауылдық округінде ерекше тағзым шарасы өтті. Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланып, майдан даласында қаза тапқан боздақтардың рухына құрмет көрсетілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әбілов Әмірұлы, ауыл әкімі Жандос Болтайұлы Мухамеджанов және жергілікті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ел үшін жанын қиған ерлердің ерлігіне тағзым етіп, олардың ұмытылмас рухына алғыс білдірді.

— Бұл шара — жай ғана рәсім емес, бұл — тарихқа құрмет, ерлікке тағзым, — деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әбілов. Сұрапыл кезеңде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімдері ұрпақ жадында мәңгі қалмақ. Бүгінгі бейбіт өміріміз — сол батырлардың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Родина ауылдық округінде өткен бұл тағылымды шара жас буынның бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, елге, жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған. Мұндай еске алу рәсімдері арқылы ерлік сабақтастығы үзілмейді.

Ер есімі — ел жадында. Батырлардың өнегелі өмірі мен ерлігі — ел тәуелсіздігінің тірегі, ұлт рухының негізі.