Құрметті кітап сүйер қауым!
Саржанов Темірғазы - Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО байланыс ісінің үздігі. 1926 жылы Жангелдин ауданындағы Сужарған ауылында дүниеге келген. 1944 жылы қарашаның 25-ші жұлдызында 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. Челябі облысында Шұбаркөл станциясында үш ай бойы әскери дайындықтан өтіп, Польша жерінде ұрысқа қатысады.Содан кейін Штеттинг қаласын алып, Росток қаласын босатады. Соғыс біткенше екінші Беларусь майданы 65-ші армия құрамында 15-ші атқыштар дивизиясының 47-ші полкінің 3-ші батальонында қызмет етеді.
Соғыс аяқталған соң 1945-1950 жылдар аралығында Закавказье, Арменияда әскери қызметін жалғастырады. Майдандағы ерліктері үшін 1-ші, 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Кеңес Одағының маршалы Жуковтың 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Өмір мен ажал арпалысында Темірғазы Саржанұлы ерлік көрсете білді. Осы ерлігі үшін жас жауынгер «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Майдангер жауынгер Темірғазы Саржанов 1950 жылы елге оралады. Ол Амангелді аудандық ішкі істер бөліміне қабылданады. Мұнда 1957 жылға дейін милиция капитаны дәрежесінде қызмет атқарады. Темірғазы Саржанов жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге де айтарлықтай иигі істердің ұйытқысы бола білді. Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО байланыс ісінің үздігі, елінің құрметті ақсақалы – Темірғазы Саржанов 2006 жылы қыркүйектің 8-ші жұлдызында 80 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
#bizbirgemiz
Installer-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109