Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Бүгін ақпанның 14-інде КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толды.Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама?

Өткенін ескермеген өшеді,

Өткенін қастерлеген өседі,- демекшіосындай ауыр аманатты арқалап, өмір мен өлім белесі қанды айқасқа қатысыпбатылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері, қаһарман ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Біздің Арқалық қаласынан да 43 азамат осы алапат соғысқа қатысып,  13 боздақ опат болған. Ауған соғысында мерт болғандар алдында қашанда бас иеміз. 

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастывқ шағының сүбелі үлесін бораған оқ пенлаулаған оттың арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан Серік Сейілханұлындай майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Кешіміздің қонағы Родина ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Исмурзин Серік Сейілханұлы 1963 жылы 21 майда Ульяновск қаласында дүниеге келген.  1980 жылы Досафта 3 ай тракторист курсын оқыған. 1981 жылы Қостанай облысынан Ауғанстанға аттанған. Баграм,Кабул қалаларында алты рет соғыс операцияларына қатысқан.Интернационалистік борышын адал өтегені үшін медаль ордендермен марапатталған. Родина мектебінің 10 сынып оқушылары Ауғанстан соғысы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып. Серік Сейілханұлы әскердегі үзенгілес достарының ерліктері туралы әңгімелеп, өз естеліктерімен бөлісті.Кештің соңында оқырмандар өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларымен естелікке суретке  түсті.

Мурзыгалиева Жанагул Сериковна

Оқу залы бөлімінің кітапханашысы.