Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қостанай облысы бойынша өткізіліп жатқан «ОҚЫ ЖӘНЕ ЖЕҢ» онлайн байқауының 4-турына байланысты тіркеу жұмыстарын жүргізді. 8-9 сыныптар арасында оқырмандар жас ерекшеліктеріне байланысты байқауға. Тіркеу барысында оқушыларға байқаудың ережелері, қатысу талаптары және тапсырмаларды онлайн форматта орындау жолдары түсіндірілді. Әр сыныптан қатысушылар аныталып, арнайы онлайн сайтына тіркелді. Оқырмандар өздерінің жеке парақшаларын толықтырып, қажетті чатқа кіріп, онда байқау күні мен жас ерекшеліктеріне байланысты қандай әдебиет оқылып сол әдебиеттен тест сұрақтары берілетіні жайында ақпарат алды. Тіркеу жұмыстары өте белсенді әрі ұйымшыл жағдайда өтті. Оқушылар байқауға деген ерекше қызығушылық танытып, өз мүмкіндіктерін сынауға дайын екендерін білдірді.